• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Желтоқсан, 2023

Қауіпсіз қоғам қалай қалыптасады?

197 рет
көрсетілді

Елімізде «Қауіпсіз қоғам» науқаны жалғасып жатыр. Іс-шара аясында­ рес­­публикада құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақ­тау, вандализммен күрес қарқынды жүргізіліп келеді. Акцияны Ішкі іс­тер ми­­нистрлігі, өңірлердегі полиция департаменттері мен «Amanat» партия­сы­­­ның мүшелері және «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері бас­­тады.

Қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіп – ор­тақ мақсат. Осыны жалау еткен жана­шыр­лар 400-ге жуық рейд жүргізген. Олар ойын-сауық орындарын, сая­бақ­­тарды, тұрғын үйлердің аулаларын­ ара­лап, түнде жол ережелерінің сақ­та­­луын бақылаған. Күні бүгінге дейін ша­­ма­­мен 8 600 құқық бұзушылық фак­ті­­­сін тіркеген.

«Күнделікті іс-әрекетімізде мейі­рім­­­­ділік пен адалдықты, тәртіп пен тәр­бие­ні басшылыққа алып, әдеп норма­ла­­­рын мүлтіксіз сақтау – дамыған қо­­­ғам қалыптастырудың негізі. Біз үшін «Қауіпсіз қоғам» қағаздағы мін­дет­­тер­дің тізімі ғана емес, бұл – ең алды­­мен, болашаққа қамқорлық. Біздің әре­­кетіміз отандастарымыздың өмі­рін­ жақ­сы жаққа өзгерте алады деп сене­мін. Бәріміз жұмылып, мұқтаж жан­дар­ға­ во­­лонтерлік, қайырымдылық көмек көр­­­сетуге дайынбыз», деді «Жастар рухы» төрағасының орынбасары Ақерке Ескендірова.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті бас­­қармасының басшысы Ғалым Сар­ғұ­­­ловтың сөзінше, «Қауіпсіз қоғам» нау­­қаны халық арасында «Әділетті Қа­­зақстан» тұжырымдамасына сәй­кес­ жаңа құқықтық мәдениетті қалып­тас­­тыруға сеп болады. Осы ретте ми­нистрлік жастарға заң және тәртіп ту­ра­­лы дәрістер өткізген. Оған қоса тұр­­мыс­тық зорлық-зомбылықтың ал­дын­ алу бойынша іс-шаралар ұйым­дас­­тырған.

«Заң мен тәртіпті сақтаудың алдыңғы шебінде тұрып, біз полиция қызметкерлері өз міндетімізді орындап қана қоймай, қоғам тыныштығын қорғауды өмірлік мұратымызға айналдырдық. Біздің жұмысымыз – құқықтық тәртіпті сақтау, заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар көпшілік күн са­йын кездесетін қиындықтардың алдын алу, қоғамда сенімді қарым-қатынас орнату. Қиындыққа тап болғандарға көмектесу, түрлі дау-жанжалдың алдын алу – біз үшін жай ғана міндет емес, үлкен абырой. Отандастарымызбен бірге қауіпсіз, үйлесімді қоғам құрып жатырмыз деп сенеміз», деді Ғ.Сарғұлов.

Мәселен, Ақмола облысында полиция қызметкерлері «Жастар рухы» белсенділерімен бірге арнайы есепке алынған 1 мыңнан астам адамды тексеріпті. Нәтижесінде, ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру секілді 564 әкімшілік құқық бұзушылық фактісінің жолын кескен. Патрульдік жасақтар 250-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайды анықтаған. Ал Петропавлда ювеналды полицейлер, учаскелік инс­пекторлар мен жастардан құралған мобильді топтар қаланың бірқатар мектебінде «дабыл түймелері» мен күзеттің бар-жоғын жіті тексерген.

«Бүгінде облыста «қолайсыз отба­сылар» санатында 150-ге жуық ша­­ңы­­рақ есепте тұрса, олардың 110-ы­ есепке биыл қойылды. Қаңтардан бас­тап 62 заңды өкіл ата-ана құқы­ғы­нан айырылды, 727 адам ата-ана мін­деттерін орындамағаны үшін әкім­ші­лік жауапкершілікке тартылды. Ювеналды полиция қызметкерлері жиі кездесетін құқық бұзушылық – жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнде үйден тыс жерде болуы. Жыл басынан бері осындай 2 358 дерек анықталды», деді Солтүстік Қазақстан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдын Байматов.