• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2023

Ақтауда 300-ден астам отбасына пәтер кілті тапсырылды

131 рет
көрсетілді

Жақын арада көпбалалы, І және ІІ топ мүгедектігі бар жандар, жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа пәтерлерге қоныстанады. Ақтау қалалық әкімдігі бағдарлама қатысушыларына арналған тұрғын үйлерді 19А шағын ауданынан салып берді.

Оларға «Тұрғын үй-ком­му­­нал­дық инфра­құры­лым­­­­ды дамы­тудың 2023-2029 жылдарға арналған тұ­жы­­­­­­рымдамасы» аясын­да­­ Отбасы банкінен жылдық 2%­­ (ЖТСМ 2,1%-дан бастап) мөл­­­шер­­­­ле­ме­сімен жеңілдетілген несие беріледі. Мемлекеттік бағдарламаның шарт­­та­ры­ бо­йынша алғашқы жарна несие сома­сы­ның кемінде 10 пайызына тең болуға тиіс.

Баспаналы болғандар қата­­рында ақтау­лық Замира Орын­баева да бар. Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ана осы кезге дейін пәтер жалдап, баспана тауқыметін тартқанын айтады.

«Бәрі шынайы болды.­ Әкім­дікте де, банкте де жан-жақты қолдау көрсетті. Нәтижесінде, пәтерлі болдым.­ 3 балам, жол­дасым бар. Отба­сы­мызбен қуанып жатырмыз», дейді Замира Орынбаева.

Ал 5 баланың анасы Қалдыгүл Нұрманова 2021 жылы үй кезегіне тұрып, «Отбасы банк­те» қаражат жинай бастаған. Соның арқасында мемлекеттік бағдарламаға қатысып, бүгін баспаналы болып отыр.

«Мемлекеттік бағдар­лама бол­маса, бізге баспана­ алу­ қиынға соғары анық. ­2 па­йыз­­­бен беріп жатыр. Ал­ғаш­­қы жарна 10 пайызды әкім­дік төлеп берді. Біз бұған дейін Мұнайлы ауданында пәтер жалдап тұрғанбыз. Бүгін, міне, өз үйіміздің кілтін алып, төбеміз көкке жетті. Еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күнінде бізге шексіз қуаныш сыйлағандарына рахмет», дейді Қалдыгүл Нұрманова.

Пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дархан Абдалиев және «Отбасы банк» Маңғыстау облысы филиалының басшысы Медет Әбуғалиев қатысты. Жаңа баспана иелеріне кілтпен қоса, құрылыс компаниясы мен «Отбасы банк» атынан естелік сыйлықтар да табысталды.

Осы іс-шараның аясында­ бас­пана жәрмеңкесі де ұйым­дас­ты­рылды. Оған 11 ірі құрылыс ком­па­ния­сы қатысып, дайын тұрғын үй кешендерінен пәтерлер ұсын­ды. Ал «Отбасы банктің» маман­да­ры тұрғындарға ипотека алу­дың түрлі жолын көрсетіп, сол ара­­да төлем­дер сомасының есе­бін­­ шығарып, түрлі кеңес берді.

«Баспана жәрмеңкесін өткі­зу­дегі мақсатымыз – үй іздеп жүр­­ген әр тұрғын бір жерден қа­жетті ақпаратты алсын деген ой. Оған қоса, алдағы мере­келер қар­саңында құрылыс компа­ния­­­лары жеңілдіктер жасап­ жа­тыр. Ойындар ойнатады. Мұн­дай іс-шараны жылына 2-3 рет ұйым­дас­ты­рамыз», дейді «Отбасы банк» АҚ Маңғыстау облыс­тық филиалының директоры Медет Әбуғалиев.

Жәрмеңкеге келушілер құры­лыс­ компанияларының әралуан ұсы­ныс­тары­ның ішінен өздеріне оңтай­лысын тауып, нысанды аралап көру күнін белгілеп, жыл­жымайтын мүлікті сатып алу бо­йын­ша жан-жақты кеңес тыңдап қайтты.