• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Парламент 25 Желтоқсан, 2023

Қайта өңдеу мәселесі пысықталды

83 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте АӨК-те қайта өңделген өнімдердің үлесін арттыру мәселелері қаралды.

Қатысушылар ауыл шаруа­шылығын­да­ғы өнімділікті арттыру, импортты алмас­тыратын жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жөніндегі шараларды, сондай-ақ жеңілдікпен несие беру, субсидиялау, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және басқа да бірқатар мәселені талқылады.

Алдағы жылдары ет, бидай, сүт және басқа да шикізатты өңдеу жобаларына басымдық берілетіні атап өтілді. Атап айтқанда, АӨК саласындағы ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру бойынша СҚО-ның тәжірибесін басқа өңірлерге тарату жұмыстары жалғаспақ.

Премьер-министр мемлекет әрі қарай да ауыл шаруашылығын дамытуға кешен­ді қолдау көрсететінін атап өтті. Бұл ретте негізгі мақсаттардың қатарын­да сапалы азық-түлік өндірісін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру шаралары бар.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов мемле­кеттік қаражаттың тиімді игерілуіне бақылауды күшейтуді талап етті. Бұл, сондай-ақ қолдағы қорларды іске қосуға, жаңа субсидиялау тәсілдерін әзірлеуге, жобаларды сапалы түрде іріктеуге және та­уар өндірушілердің қарсы міндеттемелерді сақтауына да қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.