• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Желтоқсан, 2023

Жерасты машинасы басып кеткен. «Қазақмыс» кенішінде тағы бір жұмысшы мерт болды

149 рет
көрсетілді

«Қазақмыс» компаниясының ресми сайты тағы бір қайғылы оқиға туралы хабарлады. 26 желтоқсан күні сағат 18:30 шамасында «Жыланды» кенішінде 31 жастағы машинист қаза тапты, деп жазады Egemen.kz.

Өндірістегі оқыс оқиға  Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде болған.

«Сағат 18.30-да шахта учаскелерінің бірі – «Шығыс Сары-Обада» өздігімен жүретін жерасты машинасы өндірістік қозғалыс барысында 1992 жылы туған машинистті абайсызда басып кетті. Салдарынан жұмысшы өлімге алып келген ауыр жарақаттар алды.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», делінген компания хабарламасында.