• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Еңбек 28 Желтоқсан, 2023

Еңбек мигранттарына ерекше көзқарас

103 рет
көрсетілді

Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) миссиясының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жер­гілікті атқарушы органдардың үкі­мет­тік емес ұйымдармен өзара іс-қи­мылын нығайту тұрғысында еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау тетік­терін жетілдірудің өзекті мәселелеріне арнал­ған дөңгелек үстелдер сериясын өткізді.

Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішевтің айтқан ойы дөңгелек үстелге қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Комиссия төрағасының орынбасары өз сөзінде Қазақстанда адам құқықтарын сақтау мәселелерінің халықаралық міндеттемелері тұрғысынан өзектілігін, сондай-ақ адам құқық­тарын қорғау тетіктерін жетілдіруде және еңбекші-мигранттардың әлеуметтік-эконо­микалық, еңбек, азаматтық және мәдени құқық­тарын нығайтуда Мемлекет басшысы Қ.То­қаевтың Жолдауларын есепке алудың маңыз­дылығын атап өтті.

Бұдан әрі комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатында көші-қон саясаты оның маңызды стратегиялық бағыттарының бірі болып табылатынын және сыртқы көші-қон саласында – этностық репатриацияны (қандастарды) ынталандыруға және жоғары білікті еңбекші-мигранттарды тартуға, ішкі көші-қон саласында – экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес және олардағы демографиялық жағдайды ескере отырып, халықты солтүстік өңірлер бойынша қоныстандыру проблемаларын шешуге бағдарланғанын атап өтті.

Сондай-ақ комиссия төрағасының орын­басары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев заң үстем­дігіне және біздің қоғамдағы құқық­тық мәдениетті орнатуға, Қазақстан Респуб­ликасының халықаралық міндеттемелері аясында әркімнің конституциялық құқықтарын сақтауға маңызды мән беретінін ерекше атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында адам құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясымен және қолданыстағы заңнамасымен кепілдендіріл­ген мигранттардың құқықтарын іске асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша мүдделі пікір алмасу өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде халықаралық құқық нормаларын имплементациялау, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін же­тіл­діру мәселелері, сондай-ақ Қазақстанда адам құқықтарын сот арқылы және соттан тыс қор­ғауды жетілдіру мәселелері кеңінен қозғалды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан ратификациялаған адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттардың адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудегі және адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығай­тудағы маңыздылығын атап өтті.

Әр өңірде өткен дөңгелек үстелдің әзірлен­ген ұсынымдары уәкілетті мемлекеттік орган­дарға жолданатын болады.