• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 04 Қаңтар, 2024

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

353 рет
көрсетілді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар құзырлы органдарда кадрлық тағайындау жасады, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген  Ақорда таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ Президенттің өкімімен Айдар Мұтәлікұлы Сайтбеков  Ішкі істер министрінің орынбасары болды.

Ал Әнуар Жоламанұлы Сабыров Аппарат басшысы лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.