• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 08 Қаңтар, 2024

Россинимен кездесу

112 рет
көрсетілді

Әлемге әйгілі маэстро, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­рат­кері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты әрі «Астана операның» бас дирижері Алан Бөрібаев ұлы Джоаккино Россинидің шығармашылығына кеш арнады. «Жан-жақты Россини» атты мазмұнды концерттегі италиялық композитормен жан толқытарлық музыкалық кездесу көрермендер көңілінде ұмытылмас әсер қалдырды.

Маэстро Алан Бөрібаевтың Швейцариядан бастап Жапо­ния­ға дейінгі көпқырлы шы­ғар­машылық жолы, оның зор білімі мен мол тәжірибесі бас ди­ри­жерге түрлі операларды қою­мен қатар белсенді музы­калық бағдарлама жасай отырып, классикалық өнердің жаңа қырларын табуға мүмкіндік бе­ріп келеді. «Жан-жақты Рос- с­ини» концерті де сол санаттан табылып, елор­дадағы айтулы мәдени оқиғаға айналды.

Жалпы, «Астана опера» театрын­да италиялық ке­мең­гер Джоаккино Россинидің шығар­ма­шылығы «Севильдік шаштараз», «Алжирдегі ита­лиялық қыз» және «Жібек саты» тәрізді үш комедиялық опера арқылы таныстырылған. Десе де концерт аясында кө­рермендердің керемет опе­ралық және сим­фо­ниялық туындыларымен танымал ком­позиторға салмақты суретші ретінде қарауға тамаша мүм­кіндік туды.

«Жан-жақты Россини» – бұл композициялардың жи­ын­тығы ғана емес, сонымен қа­тар классиктің музыкалық мұ­расына саяхат іспетті. Онда сан алуан бейнелер молынан көрініс тапқан. Мәселен, Stabat Mater шығармасында көпшілік күшті эмоциялар туғызатын терең рухани реңктерді табады. Ал «Семирамида» опе­расындағы арияда басты кейіп­­кердің ғашықтық уайымы шынайы жеткізілді. Айта ке­тейік, тағдырдың жазуына қарамастан, Россини өз туындысында Семирамиданы нәзік сезімдерге бейім әрі арманшыл әйел ретінде көрсетеді.

Қызықты дуэттер, түрлі си­паттағы ариялар мен әсерлі ка­ватиналардан тұратын бағ­дарламаның әрбір бөлігі біре­гей. Көрермендер аудито­риясы жеңіл әзілден бас­тап, трагедияға дейін Рос­сини бей­нелерінің сан алуан­ды­лы­ғын сезінді және әрбір тың­даушы осы Романтизм бастау алған дәуірге музыкалық саяхатта өзі үшін ерекше дү­ние тапқаны сөзсіз.

Көңілге көктем сыйлаған клас­­сикалық музыка кешінде С.Ах­­метова, А.Қапонова, Т.Ви­­цин­ская, С.Мұратбекова, М.Ис­­ла­мова, Г.Алдадосова, Ш.Ра­­­сылхан, Е.Саипов, А.Габ­­диев, Ә.Зейнолла, А.Әбіл­да, Л.Ала­ма­нова, С.Ба­­­қыт­жан сынды театр­­дың бел­ді әр­тістері кө­рер­­мен­дерге өз өнер­­лерін тар­ту етті.

Солис­тер жар­қын әрі маз­мұн­­ды вокалдық өнер көр­­­се­ту­лерімен концерттің сәнін кел­тірді.

Алан Бөрібаевтың жетек­шілігіндегі «Астана опера» Сим­фониялық оркестрінің және театр солистерінің қа­тысуымен Күләш Бай­сейітова атындағы Ка­мералық зал сахнасында өт­кен концерт ұлы әуендер мен ше­бер орын­даушылардың кә­сіби ке­мел­дігін паш еткен на­ғыз музы­калық мерекеге айналды.