Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасын тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
«Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды», делінген Ақорда таратқан ақпаратта.