• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қаңтар, 2024

Ыстанбұлда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бойынша кездесу өтті

264 рет
көрсетілді

Түркияның Ыстанбұл қаласындағы дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының кеңсесінде еліміздің туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі Дирекция жетекшісі Наиль Нұров Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесіп, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары мен ақпараттық-насихат шараларының қызу жүріп жатқанын хабардар етті. Аталған ірі шараның маңызын ескере отырып, ашылу және жабылу салтанаты мен сайыс барысын әлемнің жетекші телеарналары арқылы тарату мәселесі де ортаға салынды.

Біләл Ердоған әріптестік қатынастың артқанын айта келе, көшпенділер ойындарын ұйымдастыру Қазақстанның этноспорт қозғалысын әлемдік деңгейде насихаттаудағы ұтқыр жобаларының бірі екендігіне айрықша мән берді.

Жиында Қазақстан делегациясының ақпанның 16-18 күндері аралығында өтетін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Конгресіне қатысатыны да нақтыланды. Кездесуге Қазақстанның Бас консулдығының өкілдері де қатысты. 2024 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысатыны күтіліп отыр.