Жолында бақуаттың ерінбеген,
Кәсіптен берекенің кенін көрем.
Бабалар былғарының бабын тауып,
Ырыстың көзін тауып, тері илеген.
Шеберлер болмайтынды болдырады,
Терінің иін әбден қандырады.
Ат-әбзел, асыл киім, небір бұйым
Бұл күнде жәдігерден жаңғырады.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ