Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Саят Өрікбаев «Smart Bench» жобаcын іске асыруға кірісті. Ол күн сәулесінен қуат алатын орындықтарды орнатып, кампус ландшафтын өзгерткісі келеді.
«Kyzylorda Hub» кәсіпкерлік орталығының резиденті Саят Өрікбаевтың айтуынша, Smart Bench – күннен қуат алатын «ақылды» орындық.
– Қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері мен студенттеріне арналған инновациялық эко-жобаның дайын үлгісі бас оқу ғимараты маңына орнатылды. Бұл жоба арқылы өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсартуға септігімді тигізгім келеді. Күн панельдері орнатылғаннан кейін оны қолдана беруге болады, – дейді студент.
Жаңашыл студент осыған дейін «Chevron» компаниясы ұйымдастырған «Sustainability Living Lab» сайысында жобасын таныстырып, грант иеленген.
ҚЫЗЫЛОРДА