• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Ақпан, 2024

ҰБТ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге жеңілдіктер жасалады

141 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар түсушілердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін әртүрлі шараларды қабылдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Өткен жылдардағыдай, биыл да ҰБТ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыттың сақталатындығын айтқан Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев: «Сонымен қатар көру қабілеті бұзылысқа ұшыраған балалардың ыңғайы үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар әзірленді. Қабылданған шаралардың арқасында тестілеуге қатысатын мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді. Егер 2021 жылы ҰБТ - ға 90 бала қатысса, 2022 және 2023 жылдары олардың саны 500 адамға жетті», деді.

Оның айтуынша, аталған бағытта жұмыстар жалғасады.

Айта кетсек, қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ-да пән мұғалімі емес көмекшілер ұсынылады.