• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Қаржы 06 Ақпан, 2024

Жалған ақшаны түпнұсқасынан қалай ажыратуға болады?

248 рет
көрсетілді

Өткен жылы Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер 649 100 теңгеге барабар 181 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 179-ы – банкнота, екеуі – монета. Десе де бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 53,7%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдау жұмыстарының қорытындысына сәйкес, келесі банкноталардың қолдан көп жасалатыны анықталды: 5000 теңге – 68 дана (жалпы анықталған жалған ақша санының 37,6%-ы), 2 000 теңге – 58 дана (32%).

Қолдан жасалған ақшалардың көп мөлшері Алматы қаласы мен Алматы облысында анықталды – 124 дана немесе жалпы санының 68,5%-ы. Қалған өңірлерде 57 дана немесе жалпы санының 31,5%-ы.

Қазақстанда жалған банкноталар көбіне компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдану арқылы жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейілінше ұқсатып жасауға тырысады.

2000 теңге

Жалған банкнота                                                                 Шынайы банкнота            

Қалыпты жарықта:

Ультракүлгін сәуле астында:

5000 теңге

Жалған банкнота                                                                 Шынайы банкнота            

Қалыпты жарықта:

Ультракүлгін сәуле астында:

Жалған ақшаны түпнұсқадан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен ҚҰБ-тың ресми сайтында немесе ҚҰБ-тың YouTube-тегі ресми аккаунтында танысуға болады.