• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Баға 21 Ақпан, 2024

Азық-түлік бағасының жайы

206 рет
көрсетілді

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұман­ғарин­нің төрағалығымен маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорларынан көкөністерді қолжетімді бағамен сауда орындарына жеткізу мәселесі талқыланды.

Қорда жиналған 162,5 мың тонна көкөністің 29,4 мың тоннасы өңірлерге жіберілді. Оның ішінде 16,1 мың тонна картоп, 4,1 мың тонна сәбіз, 5,2 мың тонна пияз және 3,9 мың тонна қырыққабат бар. Ақпан айында тұрақтандыру қорынан шығарылған көкөніс көлемі айлық жоспардан асып кетті. Бұл ретте ресми статис­тика соңғы аптада 6 өңірде картоп пен сәбіз бағасының өскенін тіркеді. Вице-премьер бағаны тұрақтандыру үшін нарықтағы көк­өніс­ке сұраныс пен өндіріс көлемін сараптап, қажет болған жағдайда көкөністер мен оларды қолжетімді бағамен сататын сауда нүктелерін көбейту арқылы бұл жұмысты жандандыруды тапсырды.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бері әлеу­мет­тік азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,4%-ды құрады (2023 жылғы 13 ақпанда – 2,4%). Өткен аптаның қорытындысы бо­йынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) баға индексі тұрақты (0%) болды.

ҚР СИМ Сауда комитеті электронды шот-фактуралар арқылы өндірушіден бастап сауда сөрелеріне дейінгі баға тізбегін талдауды жалғастыруда. Жыл басынан бері 432 тізбек сарапталып, 193 заң бұзушылық тәуекелі анықталды.

Сауда комитеті барлық тәуекел фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін материал­дарды аумақтық бөлімшелерге жі­бер­ді.

АШМ департаментінің директоры Нұрлан Иманбаев ӘКК жұмысының жаңа форматына көшу нәтижелері туралы баяндады. 2023 жылдың басынан бастап маусымаралық кезеңде және бағаның өсуі кезінде нақты белгіленген бағамен күзгі және ерте көкөністерді (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) жеткізу үшін форвардтық келісімшарттың жалпы сомасының 70%-ын аванспен бере отырып, фермерлерді алдын ала (бір жыл бұрын) қар­жыландыруды көздейтін ауыл шаруашылығы тауарын өнді­рушілерді форвардтық қар­жы­­ландыру бойынша жаңа тәсіл­дер енгізілді. Жаңа тәсіл­дер­дің міндетті шарты – бюджет қара­жаты­ның 70%-ы фермерлер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қар­жы­ландыруға бағытталуы тиіс.

Аталған жаңа тәсілдер бойынша жұмыс істеуге Абай, Жетісу, Ақмола, Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қостанай, СҚО, Қызыл­орда және Түркістан облыс­тары  уақытылы ауысты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржы­лан­ды­рудың ең төменгі көрсеткіштері – Алматы (46%) мен Маңғыстау облыстарында (50%).

Вице-премьер 70%-дан кем емес шекті қатаң сақтай оты­рып, шаруаларды тікелей қар­жы­ландыру жұмысын жалғас­тыруды және әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын ұдайы назарда ұстауды және баға­лар негізсіз көтерілген жағдай­да жедел әрекет етуді тапсырды.