• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 05 Наурыз, 2024

Күн тәртібі бекітілді

113 рет
көрсетілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросы өтіп, депутаттар 7 наурыз күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл құжат халықаралық іскер­лік операцияларда мемлекеттік кірістің жоғалуын болдырмауды көздейді. Сондай-ақ заң нормалары капиталды шығаруды бақылау тетіктерін күшейту үшін тараптардың өзара байла­ныстылығын анықтау жолдарын кеңейтеді.

Бұдан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақты коми­теттеріне бөлініп берілді.