• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Наурыз, 2024

Күн тәртібі бекітілді

138 рет
көрсетілді

Сена­т спикері Мәулен Әшім­баев­тың төрағалығымен өткен Палата бюросында депутаттар 14 нау­рызда өтетін Сенат отыры­сының күн тәртібін бекітті.

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақ­стан Республикасы мен Литва Респуб­ликасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарт­қа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Бұл заң екі елдің азаматтық, отба­сылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартының ережелерін жетілдіруді көздейді.

Сонымен қатар «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнама­лық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Палата отырысының күн тәртібіне шығарылды.

Құжатта медициналық маман­дықтың мәртебесін арттыру және денсаулық сақтау қызметкерлерін заң­герлік, қаржылық қорғау жөнін­дегі нормалар, сондай-ақ, басқа да шаралар қарастырылған.