• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Ғылым 14 Наурыз, 2024

Ток өткізгіш полимерлер

408 рет
көрсетілді

Nazarbayev University профессорлары Сәлімгерей Әділов пен Нұршат Нұра­женің жетекшілігімен анилин туындысы негізінде реттелетін жабысқақ тоқ өткізгіш полимерлер жасалды.

Осы бағытта ғалымдар бір жыл зерттеу жұмыстарын жүр­гізген. Олар әртүрлі өткізгіш по­лимер наноқұрылымдарын, соның ішінде қуыс сфераларды, нанокеселерді, нанокеселерден құралған 2D парақтарын, 3D және олардың композиттерін жасау үшін қарапайым синтез тәсілі арқылы жүзеге асырды. Анилин туынды мономерін полимерлеуге арналған реакция жағдайындағы өзгерістер (рН, мономер және тотықтырғыш концентрациясы) жоғарыда аталған наноқұрылымдардың пайда болуына әкеледі.

Полимерлердің бұл түрлері тоқ өткізгіш жабысқақ таспалар, медициналық бинттер және роботтық қолдарға арналған қай­тымды беттерге қолдануға жарамды. Сондай-ақ нанокеселер мен қуыс сфераларды электр­лік стимул арқылы іске қосуға болатын дәрі тасығыш ретінде пайдаланады.

Полимерленудің кинетика­лық бақылау арқылы ДНҚ оригамиден бастап, гекконнан әсер­ленген наноқұрылымға дейін дәрілік заттарды жеткізуде, энергия сақтауда және жабысқақ материал ретінде қолдануға болатын өткізгіш полимерлер­дің бұрын-соңды болмаған наноқұрылымдарын жасауға болады. Мысалы, бұл геккон сау­сақ­тарының шаштарына ұқ­сас жабысқақтығын (шамамен 8 Н/см2) көрсете алатын бірінші өт­кізгіш полимерлі материал.

Бұл ғылыми жоба бойынша зерттеу жұмысы әлі де жалғасады. Әсіресе электрлік стимул арқылы жабысқақтықты басқару бойынша зерттеуге маңыз беріліп отыр.