• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Мереке 14 Наурыз, 2024

Зейнеткерлер Амал мерекесін атап өтті

473 рет
көрсетілді

Сарыарқа ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Амал» мерекесі атап өтіліп, орталықтың қызмет алушы зейнеткерлері Наурыз айының басталуын көрісуден бастады. Ақсақалдар келушілерге бата беріп, ақжарма тілек арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Ұйымдастырушылар іс-шараны Амал мерекесінің шығу тарихын баяндаудан бастап, көрермендерге бейнематериал ұсынды.

Мәдени іс-шарада «Шаңырақ» этно-мәдени ансаблінің өнерлі әжелері «Бүлдірген», «Бипыл» әндерін орындаса, «Гаухартас» би тобының апалары «Қамажай» биін биледі.

Амал мерекесі викториналық жарыстармен жалғасты. Өнерлі ата-әжелер әзіл аралас сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтел айтудан, жұмбақ жасырудан, дәстүрлі ән шырқаудан сынға түсті.

Көрісу күні жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар зейнеткерлерге ұлттық тағам түрлері де тарту етілді.

Кеш соңында Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Кенжеболат Бапишев жиналғандарға алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.