• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Наурыз, 2024

Атырауда Президенттің төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды

336 рет
көрсетілді

Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды. Құрылтайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және құрылтай мүшелері қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz. 

Құрылтайдың секциялары жұмысын 14 наурыз күні бастаған.

Қазір Құрылтай мүшелері секцияларда айтылған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, өз ойларымен бөлісіп жатыр.

Ал негізгі жиын Президенттің төрағалығымен бүгін өтіп жатыр. 

Айта кетейік, Ұлттық құрылтай алғаш рет Ұлытау облысында шақырылды. Өткен жылы құрылтай мүшелері Түркістанда бас қосты. 

Құрылтайдың үшінші жиыны Атырауда өтіп жатыр.