• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2024

Сая болатын көшеттер

76 рет
көрсетілді

Наурызнаманың Жаңару күнінде облыс орталығы Тараз қаласы мен өңірдің бір­қа­тар ауданында «Жасыл желек – жердің көркі» акциясы ұйымдастырылып, көшет­тер отырғызылды.

Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта­лық саябаққа өңір басшысы Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков бастап, зиялы қауым өкілдері қоштап, 605 түп көшет отыр­ғызды. Тараз қаласының әкімі Б.Орынбековтің ай­туынша, облыс орталығын кө­гал­дан­ды­ру жұмыстары үздіксіз жүргізіле бермек.

Дерекке сүйенсек, осы жылы Тараз қаласында 1 млн-нан аса гүл, оның ішінде 15 мың дана раушан гүлін егу жоспарланған. «Жасыл бел­деу» бағдарламасы аясын­да 20 мың, «Ұлы дала» шағын ауда­нында салынатын саябақта 3 500, жалпы алғанда 40 мың түп тал-дарақ егіледі екен.

«Мемлекет басшысының тап­­­сырмасына сәйкес, өңір­­дегі ор­­ман қорын молық­ты­ру және мо­­лайту жөніндегі кешенді жос­­­пар аясында 16 540 гектар ау­мақ­қа 34,5 млн түп тал-дарақ отыр­­ғызу жос­пар­ланған. Бұл жұ­мыс сәтімен жүзеге асыры­ла­ды.

Бұған қоса елді мекендерді көгалдандыру, жасыл аймақ құру мәселесі де назардан тыс қалмақ емес. Мәселен, өңір­дегі ауылдарда 170,3 гектар аумаққа 200 мың түрлі ағаш көшеті отырғызылады», дей­ді өңір басшысы Е.Қара­шө­кеев.

 

ТАРАЗ