• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Сәуір, 2024

Париж Паралимпиадасы: Қоржынға 11 жолдама түсті

164 рет
көрсетілді

28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Париж қаласында 23 спорт түрінен XVII Паралимпия ойындары өтеді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Паралимпиадашылар 11 лицензия жеңіп алған. Атап айтқанда, отырып ойнайтын волейболдан ерлер құрамасы – 1, пара жеңіл атлетика бойынша ядро лақтыру – 1, пара жүзу – 3, пара каноэ – 1, пара пауэрлифтинг – 1, пара таеквондо – 3, пара нысана көздеу – 1.

Сонымен қатар Паралимпиадаға жолдама берілетін тағы 23 спорттық іс-шара өтеді деп жоспарланып отыр.