Арқалық қаласына қарасты Целинный ауылында 29 наурыз күні Терісаққан өзенінен өтпек болған 53 жастағы бақташы әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жоғалған бақташыны 5 күннен бері Қостанай облыстық ТЖД-ның іздестіру-құтқару жасағы іздеп жатыр. Іздестіру шараларына Қорғаныс министрлігінің тікұшағы, дрон, қайық тартылған. Іздеу жалғасып жатыр», деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.