• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2024

«Самұрық-Қазына» қоры су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қолдау көрсетеді

188 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» қоры көктемгі тасқын судан ең көп зардап шеккен тұрғындар мен өңірлерге қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржылай көмек қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы бағытталады. Қазіргі кезде әкімдіктер жергілікті жерлерде қажетті көмек көлемін анықтап жатыр.

Аталған бастама Үкімет тарапынан қабылданып жатқан қолдау шараларымен, бизнес өкілдері және белсенді азаматтардың көмегімен бірлесе отырып, табиғи апаттың салдарын тезірек қалпына келтіруге ықпал етуді көздейді.