• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 06 Сәуір, 2024

Құлсарыда 2,5 мың ғимарат су астында қалды, мың бала эвакуацияланған

201 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Құлсары қаласындағы соңғы ахуалды жариялады, деп жазады Egemen.kz.

5 сәуір түнгі 22.45-тегі жағдай бойынша Құлсарыда 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратты су басқан.

Құтқарушылар және өзге де тартылған күш-құралдар халықты эвакуациялауды жалғастырып жатыр.

Осы сағатта 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 1 мыңнан астам бала қауіпсіз жерге көшірілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын тасқын судың қаупіне байланысты Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.