• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2024

«Өнер қамқоршысы»: Павлодарда Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығы тойланды

158 рет
көрсетілді

11 сәуір күні Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай Павлодар облысының Білім басқармасы, Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені және Байзаков атындағы Павлодар облыстық филармониясының бастамасымен «Өнер қамқоршысы» атты облыстық іс-шарасы өтті.

Академиктің мерейтойына орай өңірімізде «Өнер қамқоршысы» жобасы іске асырылды. Ғылыми-зерттеу жұмысын әзірлеуге «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені оқытушылары ат салысты.

Жоба жетекшісі - Қазақстан Республикасының Мәдениет үздігі Серік Қасымханұлы Сыздықов. Әдістемелік ұсынымның авторлары және құрастырушы-ресімдеушілері: Гульнар Дуйсеновна Капашева, Динара Сериковна Абетова, Асель Даутовна Арынова, Галия Магзумовна Шапиева, Шынар Жетписбаевна Трушева, Айнур Алпысбаевна Карашина.

Бұл жобаның мақсаты – Қаныш Сәтбаевтың музыкадағы келбетін және оның дәстүрлі ән мәдениетін сақтауға, өскелең ұрпақ арасында қазақ ән мұрасын насихаттауға қосқан үлесін ашу.

Шара барысында Қаныш Сәтбаев «Өнер қамқоршысы» атты қаламыздың «Музыка» пәні оқытушыларына арналған әдістемелік жинақтың тусауы кесілді. Бұл әдістемелік ұсынымдар Қ.Сәтбаевтың орындауындағы А.Затаевичпен жазып алынған әндерге негізделіп жазылған. Материалдың өзектілігі қазақтың ән шығармаларын кеңінен насихатттауға және оларды жалпы қосымша білім беру жүйесіне енгізуге бағытталған.

Сонымен қатар іс-шарада Иса Байзақов атындағы облыстық филормонияның әртістері Қаныш Имантайұлы А. Затаевичтің жинағына енгізген әндерін, Қаныш ағаның ұнатып айтқан әндерін, халық әндерін шырқады.