• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2024

Атыраулықтарға – айқара құшақ

40 рет
көрсетілді

Осыдан бірнеше күн бұрын су басу қаупі туындаған Атырау қаласынан Қызылордаға екі автобусты толтырған 93 адам келді.

Жауапты басшылар қонақ­тар­ды қабылдап алып, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты Зейнеткерлерге жартылай ста­цио­нарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің жатақханасына орналастырды. Олардың қажеттіліктерін жер­гілікті әкімдік қамтамасыз етеді.

Қазір Атыраудан келген аза­мат­­тарға 3 мезгіл ыстық тамақ бе­ріліп, денсаулығын дәрі­­­гер­лер тұрақты бақылап отыр. Олар­дың ұсақ-түйек қажет­ті­ліктерін жеткізіп беруді «Аmаnat» партия­сы­ның облыстық филиалы қада­ға­­лауға алған.

Жалпы Сыр бойы жұртшы­лы­ғы су тас­қыны болған көршілес Ақтөбе облысына 9,8 млн теңге қаржылай, 67 млн теңге азық-түлік пен заттай көмек көрсетіпті. Қарғын судан қиындық көріп отырған өзге өңірлерге де 50 млн теңгенің көлемінде қажетті заттар жіберілді. Бұған қоса Батыс Қазақстан облысына 106 арнайы техника жөнелтілді.

 

Қызылорда