• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Сәуір, 2024

Көкшетауда жоғалған оқытушы Алматыға бет алған пойыздан табылды

337 рет
көрсетілді

Ақмола полицейлері іс-түссіз жоғалып кеткен 21 жастағы көкшетаулық оқытушыны Алматыға бара жатқан пойыздан тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«22 сәуірде облыстың аудандық полиция бөлімдерінің біріне мектепте оқытушылық практикадан өткен ақмолалықтың хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарламамен жас мұғалімнің әріптесі жүгінді. Полицейлер хабар-ошарсыз кеткенді іздеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының қажетті кешенін өткізді», делінген хабарламада. 

Қабылданған іздестіру шараларының нәтижесінде оқытушы Алматы қаласына бет алған жолаушылар пойызына билет алғаны анықталды. 

«Қыз отбасылық мәселелері бойынша шұғыл жолға шығуды ұйғарған. Әріптестеріне хабар беруге тырысқан, бірақ ұялы желідегі ақауларға байланысты ешкіммен байланыса алмаған», деп түсіндірді Ақмола полицейлері.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ

ЕҰУ студенті