• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Мамыр, 2024

«ҚазМұнайГаз» қолдауы артып келеді

177 рет
көрсетілді

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтып қана қоймай, әлеуметтік жобаларға да қомақты қаражат бөледі. Компанияның жақында жарияланған жылдық есебіне көз жүгіртсек, өндірістік кәсіпорындары орналасқан өңірлерді әлеуметтік қолдауға және жалақыға былтыр 640 млрд теңгеден астам қаржы бөліпті. Бұл негізгі акционері Қазақстан Үкіметі болып есептелетін компанияның жоғары әлеуметтік жауапкершілігін, сондай-ақ ел экономикасындағы айрықша рөлін айқындағандай.

«ҚазМұнайГаз» бүгінде өзінің еншілес компанияларында 50 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Былтыр ұлттық компания құрамына кіретін ұйым қызметкерлерінің жалақысына жұмсаған шығысы 2022 жылмен салыстырғанда 16%-ға өсіп, 612 млрд теңгеге жеткен. Оған қоса компания өз қызметкерлеріне кепілді әлеуметтік пакет беріп келеді. Бұған сауықтыру шаралары, материалдық көмек, түрлі өтемақы мен төлем, медициналық сақтандыру, қызметкерлер мен олардың балаларының демалысын ұйымдастыру, т.б. әлеуметтік қолдаулар кіреді. Өткен жылдың өзінде мұндай шараларға 27 млрд теңге жұмсалған.

Сонымен қатар «Қаз­Мұнай­Газ» компанияның мердігер меке­ме­лерінің қызметкерлері үшін қан­дай жағдай жасалатыны туралы үнемі есеп беріп отырады. Тендерде ұтылған компания қыз­мет­керлерінде жұмыссыз қалу қаупі туғанда «ҚазМұнайГаз» көме­гімен сол мамандар тендерде ұтқан компанияға жұмысқа орналасқан кезі де болды. Бұдан бөлек, мердігер ұйым жұмыс­шы­ларының жалақысына индексация жүргізіп, олар үшін кепілді әлеуметтік пакет енгізген. Соңғы деректер бойынша бір адамға шамамен 550 мың теңге бөлініпті. Осылайша, компания нысандарында қызмет көрсететін мердігер ұйымдарда 28,7 мың адамға жұмыс орнын ашқан. Оның 22 мыңға жуығы Маңғыстау облысында еңбек етеді.

 

Ауқымды әлеуметтік құрылыс

Ұлттық компанияның мұ­най өндіруден түскен кірісі түрлі жолмен халық игілігіне жұм­­салып, өзіне қайтады. Яғни «ҚазМұнайГаз» әлеу­мет­тік нысандар тұрғызып, қайы­рым­дылықпен ай­налысады, адамдарға ин­вес­тиция сала­ды. Осылайша, ком­па­ния­ның еншілес ұйымдары жер қой­науын пайдалануға ар­налған келісімшартпен өз қыз­метін жүр­гізетін өңірлерді дамытуға қаржы бөліп отыр. Сондай-ақ облыс әкімдіктерімен жеке ме­мо­ран­дум жасалған. 2025 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» өзінің еншілес компаниялары арқылы сол өңір­лерде жалпы құны 28 млрд тең­геге жуық әлеуметтік инфра­құ­рылым жобаларын іске асырып, қаржылық көмектің басқа да түрлерін көрсетпек. Бала­бақ­ша, оқушылар сарайы, мектеп, жатақхана, медициналық ор­та­лық, саябақ, тағы басқа да ғимараттардың құрылысын жүр­гі­зуді жоспарлаған.

Бұған қосымша компания Samruk-Kazyna Trust («Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы­ның қайырымдылық қыз­ме­тінің бірыңғай операторы) әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы қайырымдылық, демеушілік жобаларға қаржы қарастырып келеді. Былтыр бюджеттен қаржы­ландырылған жобалар порт­фе­лін­де 46 жоба бар, оның ішінде компания қажеттіліктерін ескере отырып, төрт жобаны іске асырған.

Қаржылық қолдауларға мысал келтірсек. Ұлттық компания Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданының әлеу­меттік инфрақұрылымын да­мы­туға – 1,7, Атырау облысы Бесікті ауылында – 280 орын­дық балабақша салуға – 783 млн, Маңғыстау облысының әлеу­мет­тік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымын дамы­туға 455 млн теңге бөлген. Қызылорда облысында 350 адам­ға арналған оқушылар сарайын тұрғызуға – 2,3 млрд, Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымына 395 млн теңге қаржы қарас­ты­­рыпты. Орал қаласында көп­функ­ционалды спорттық сауық­ты­ру кешенін салуға 19,3 млрд, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Павлодар облысындағы жер­гі­лікті қоғам­дас­тықтарына қайы­рым­ды­лық көмек үшін 1,1 млрд теңге жұмсаған. Сондай-ақ былтырғы жыл­дың бюджетінен «Жарқын болашақ» білім жобасына 678 млн, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының дәрігер амбулатория­сына рентген аппаратын сатып алуға 36,5 млн, осы облысқа қарасты Жетібай мен Жаңаөзен қалаларында балаларға арналған 21 спорт алаңының құрылысына 1 млрд теңге бөліпті.

Бұдан бөлек, «ҚазМұнайГаз» Жаңаөзенде мұнай-газ кластерін қалыптастыруға да көмектесіп келеді, яғни ұлттық компания – тап­сырыс беруші болса, ал жеке кәсіпорындар – өндіріске қажет­ті жабдықты өндіруші. Ком­пания Жаңаөзенде мұнай-газ жаб­дықтарын өндіретін жеке ин­вес­торларды тартып, сол кә­сіпорындардың өнімін өз компа­ния­ларына сатып алуға ниет етіп отыр. «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқа да еншілес ұйымдары өндіріске қажетті жабдықтардың тізімін де дайындаған. Бұл жаңа­өзен­діктер үшін жаңа жұмыс орын­дарын ашуға мүмкіндік бер­­мек.

Алдағы уақытта Жаңаөзенде мұнай мен газ өндіруге қажетті тауарлар шығаратын жаңа зауыт бой көтереді. Биыл сәуір айында болашақ кәсіпорынның іргетасын қалау рәсімі өтті. Зауыт жылына 51 мың тонна құбыр өнімдерін, 540 мың сорғы штангаларын, 100 мұнай жылытқыштарын өн­діретін болады. Сондай-ақ қала тұр­ғындарына 250-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жос­пар­ланған.

«Бұл жоба стратегиялық инвес­тицияның қалалардың дамуы­на тигізетін оң шешімдердің жар­қын мысалы деуге болады. Біз Жаңаөзен қаласын бүкіл өңір­ді табысқа жетелейтін да­мы­ған өнеркәсіп орталығы ре­тінде көргіміз келеді», деді сол рәсім­де сөз алған «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы М.Мырзағалиев.