Қоғам • 09 Қыркүйек, 2024
Еуропада қалыпты жағдай болып есептелетін «Өмірді сақтандыру» дейтін ұғым бар. Бұл – қазақ қоғамына әзірге таңсық. Көзқарас мүлде басқаша. Көліктің өзін сақтандыруға мойны жар бермейтін ағайынға «өмірді сақтандыру» туралы айтса, мойнын қиқаң еткізер. Алда не күтіп тұрғаны немесе әлдебір оқыс оқиға орын алса, мұның үлкен көмегі барын сөз етсеңіз де жүре тыңдар. Тіптен болмаса айтқан түсіндірме жұмыстарыңызға бас изей отырып, «Құдай сақтасын» дейтініне де шүбә жоқ. Міне, сізге сақтандыру!
Таным • 02 Қыркүйек, 2024
Бірде журналистік сапармен Аралдағы Қаратереңге жол түсті. Келерімізден алдын ала хабары бар сол кезгі ауыл әкімі Серікбай Жұбаниязов пен бала күнгі дос Ерболат күтіп алды. Басты мақсат – теңізге құяр «Ақлақ» су тоспасы мен «Көкарал» бөгетін көзбен көрмекпіз.
Шаруашылық • 21 Тамыз, 2024
Ел экономикасындағы жетекші саланың бірі – ауыл шаруашылығының биылғы жартыжылдық жұмысының қорытындысы белгілі болды. Салаға қатысты жалпы өнім көлемі 1,6 трлн теңгеге жеткен. Бұл өсім – мал шаруашылығындағы өнім көлемінің 3,5%-ға, өсімдік шаруашылығында өндірістің 3%-ға артуына байланысты.
Құрылыс • 10 Тамыз, 2024
Құрылысшыларға елдің құрметі жоғары
Құрылыс саласы еліміздің тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының артуына және барша азаматтың баянды болашағын қамтамасыз етуге тың серпін беріп келеді. Құрылысшы қауымның қажырлы еңбегінің арқасында сәулетті де әсем ғимараттар бой көтеріп, әлеуметтік нысандар көптеп салынып жатыр. Сондықтан кәсіби мереке қарсаңында олардың табанды еңбегіне тиісті құрмет көрсетіледі. Мемлекет бұл үрдістен жаңылған емес.
Саясат • 09 Тамыз, 2024
Пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтады
Мемлекет басшысы Жолдауда мыңдаған гектар аумақты қажетке жаратпай отырған жер иелеріне сын айтқан болатын. Сондай-ақ әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажеттігін ескертті. Өнім өндіруші кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдерін айқындау да – Президент жүктеген жауапты міндет. 2022-2023 жылдары пайдаланылмайтын және заң бұза отырып берілген 10 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғаны белгілі. Биыл жыл басынан бері қайтаруға жоспарланған 2 млн гектар ауыл шаруашылығына тиесілі жердің 1,15 млн гектары мемлекет меншігіне өткен.
Оқиға • 08 Тамыз, 2024
Нағашы көкемнің дарияға төккен ауына сол күні біршама несібе ілігіпті. Жіп ауды абайлай тараштап, түскен балықты мен ашқан қаптың аузына лақтыра берген еді. Сонда есімде. Аудағы ірілі-ұсақты балық атаулының ішінде дәу сазанның ерекше бұлқынғаны. Салмағы 10 килодан әрі бар шығар. Бөлек қапқа салғызды оны. Бесінші сыныпқа өткен маған бұл сазанның салмағы біршама жүк. Тырмыса көтеріп, көкемнің «лөккебайына» мықшыңдай арттым.
Сауда • 07 Тамыз, 2024
Сәтті сауда қатынасын орнату – маңызды міндет
Өзбекстан алдағы уақытта жеміс-жидек, көкөніс және азық-түлік өнімдерінің экспортын 3,5 млрд долларға дейін арттыруға ниетті. Былтыр ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 4,1 пайызды құрап, өнім экспортын 2 млрд долларға жеткізген еді. Қазақстан мен Өзбекстан арасында да ауыл шаруашылығы бағытындағы тауар айналымы сәтті жолға қойылған.
Таным • 06 Тамыз, 2024
Көптен көз көрген екі айырмашылық туралы ойлайтынмын. Бірақ жазам деп жүргенімде редакция тапсырмасына күмп етіп түстім де, кейінірек босаған соң ескі елесті еске алдық.
Сараптама • 06 Тамыз, 2024
Пәтерді жөндеуге қаржыны қайдан аламыз?
– Биыл іске қосылған «Отау» және «Наурыз» ипотекалық бағдарламалары бойынша пәтердің жөндеу жұмысына қажетті қаржыны да банк арқылы рәсімдеуге болады. Мұның тәртібі қандай? Ипотекалық бағдарламалар аясында жөндеу жұмысына қажет қаражатты бөлек рәсімдеу керек пе?
Қоғам • 06 Тамыз, 2024
«Көгілдір отын» – көптің арманы
Газдандыру мәселесіне келгенде алдымызда біршама міндет тұрғанын бұған дейін Мемлекет басшысы екшей түсіндірген еді. Олар – тауарлы газдың ресурстық базасын кеңейту, жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету, қолданыстағы зауыттардың қуатын барынша пайдалану, Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты мұнай-газ алпауыттарын газды қолжетімді бағамен ұсынуға икемдеу. Сонымен қатар жаңа газ кеніштерін барлау және игеру үшін инвестиция тарту ісі де кезек күттірмеуге тиіс. Аталған мәселе биыл Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда қозғалып, Президент Үкіметке газ тартылған елді мекен санын барынша арттыру және 1 700 шақырым газ желісін жаңғырту туралы тапсырма берді.