Экономика • 23 Шілде, 2024
Балық шаруашылығында бетбұрыс байқалады
Елімізде балықты арнайы өсірумен айналысатын 502 шаруашылық бар. Бөліп қарастырсақ, оның 364-і – көл-тауарлық балық шаруашылығы, 93-і – тоған. Сондай-ақ тізімге 27 тор қоршамада өсіру, 18 тұйықталған және бассейндік балық шаруашылығы кіреді. Былтыр 17,1 мың тонна балық өсірілген (2020 жылы – 6 798 т, 2021 жылы – 7 347 т, 2022 жылы – 13 287 т). Қолда бағылатын балықтың негізгі түрлері – тұқы (тұқы, дөңмаңдай, амур), албырт (форель), бекіре тұқымдас балықтар және африкалық жайын мен асшаяндар.
Экономика • 20 Шілде, 2024
Кейіпкеріміздің әу бастағы мамандығы – қаржыгер. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Есеп және аудит факультетін тәмамдаған ол өз саласы бойынша мүлде жұмыс істемеген. Диплом бойынша қызмет қумаған Рахима Исағұлованың бүгінгі кәсібі ешкімге ұқсай бермейді. Елімізде алғаш рет ұлттық нақыштағы кебіс-мәсі тігу ісін бастаған Рахиманың өнімі бүгінде көпшілік арасында сұранысқа ие болып отыр.
Экономика • 17 Шілде, 2024
Миллиард теңге таудай қоқысты реттей ала ма?
Елімізде 207 аудан мен қалалардың 130 елді мекені қалдықтарды бөлек жинаумен, ал 103 елді мекені сұрыптаумен айналысады. Жергілікті атқарушы органдар ақпаратына сәйкес, жыл сайын елімізде 4 млн тоннадан аса коммуналдық қалдық жиналады. Былтыр елімізде 4,32 млн тонна коммуналдық қалдық жиналса, оның 996 мың тоннасы (24%) қайта өңделген.
Экономика • 16 Шілде, 2024
«Asyl qala» кәсіпорны – Орталық Азиядағы бірден-бір бәсекеге қабілетті өндіріс орны. Астанадағы №1 Индустриялық паркте орналасқан зауытта төсемтас пен жол жиегіне арналған бордюр өнімдері шығарылады. Кәсіпорында 70-тен аса адам жұмыс істейді.
Руханият • 16 Шілде, 2024
Арман ағаны көптен білемін демеймін. Үнемі жымиып қойып, жан-жағына бағдармен қарайтын онымен алғаш танысқанда, елдегі көп өнерпаздың бірі болар деп іштей тон пішіппіз. Өйткені ауданның қай іс-шарасында да қобызы мен домбырасын арқалап-ақ жүретін. Жо-жоқ, артынша жалғыз Қазалы, Қазалы тұрмақ Қызылорда асып, елге танымал болған «Әуезовтер» ансамблінің жетекшісі екенін білгенде...
Ең қысқа әңгіме • 12 Шілде, 2024
Сыйластықтың бір шыңы – ат тергеу
Елден көрген бір оқиға еді ғой бұл. Ауылдан Қазалыға (Қызылорда облысының аудан орталығы) «Пазик» автобуспен шоқытып келеміз. Қай шопыр екенін кім біліпті, әйтеуір, ауданға жақындағанда, балалы әйел қол көтерді. Салдыр-гүлдір етіп біз де тоқтай қалдық. Баласымен жүгіре жеткен келіншек «сәлем бердікті» бір ызғытты да, «Кәрмәкістің автобусы ма?» деп салды. «Иә» дестік. Айтпақшы, Кәрмәкіс – Карл Маркс, қазіргі Бекарыстан би ауылы. Содан әлгі келіншек сөйлей бастады.
Экономика • 11 Шілде, 2024
Жүк тиегіш трактордың маркасын мұндағылар біле бермейді. Жұрт оны «погрузчик» деп атап кеткен. Жалпы, бізге Қытай өнімі жат болмағалы қашан. Енді, міне, біздің елдің бейнетін белуардан кешіп жүр.
Қоғам • 06 Шілде, 2024
Бес зауытты біріктірген кәсіпорын
Астана қаласында орналасқан «ATM Construction & Investment» кәсіпорнында құрылысқа қажетті витраж, терезе, металл конструкциялық бұйымдар өндіріледі. Медициналық жабдықтар және оған қажетті жиһаздар, мектеп, балабақша, кеңсеге қажетті мүліктерді де жасайды.
Қаржы • 06 Шілде, 2024
Инвестиция қай салада басымдыққа ие?
Елдің бас қаласы бүгінде инвестиция тарту орталығына, ең үлкен жобалар астанасына айналғалы қашан?! Жыл өткен сайын елордаға салынған инвестиция көлемі артып келеді. Былтыр 6,6% өсіммен 1,6 трлн теңге деңгейінде рекордтық инвестиция тартылған болатын. Оның ішінде тікелей тартылған шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд долларды құраған. Ал жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция 5 айдың қорытындысымен 6,9%-ға өсіп, 469,3 млрд теңге болып отыр.
Экономика • 04 Шілде, 2024
Салаға арналған сан алуан өнім
Тек тігін өндірісімен айналысатын «Astana Ютария LTD» серіктестігі елорда маңындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан. Аумағы 2 гектар жерді алып жатқан компания көбіне-көп арнайы қызмет түрлеріне арналған киім тігеді. Жоба құны – 2,2 млрд теңге. Компания бір жылда әр мамандыққа арналған 200 мың дана киім өндіруге қауқарлы.