Ержан ҚОЖАС
Ержан ҚОЖАС«Egemen Qazaqstan»
115 материал табылды

Экология • 03 Тамыз, 2024

АЭС мәселесі талқыға түсті

Қызылорда облысында елімізде атом электр стансасын салу мәселесі жария талқыланды. Үкіметтік емес ұйымдардың өңірлік Альянсы мен облыстық Қоғамдық кеңес ұйымдастырған шараға мемлекеттік мекеме, қоғамдық кеңес өкілдері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, экологтер, саяси партия мен БАҚ өкілдері және өңір тұрғындары қатысты.

Тарих • 03 Тамыз, 2024

Сауыншыны жылатқан сиыр

Ілгеріде өткен оқиға бұл. Адам­ның көңілі кең уақытта бол­ған жайт еді. Мейірім құны жойыл­маған кездегі хикаяттан дәм татыңыз ендеше.

Экономика • 01 Тамыз, 2024

Тұрғын үй нарығына қандай өзгеріс қажет?

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы халық тұрмысын жақсарту, әр азаматтың дамуына жан-жақты жағдай жасау туралы баса айтты. Әсіресе баспана тақырыбына тоқталып, жақында ғана іске қосылған «Отау» ипотекалық бағдарламасының мүмкіндігін сөз еткен еді. Сон­дай-ақ Президент ауыл және аудан орталығының тұрғын­дарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керектігін қозғады. Ізін ала «Наурыз» бағдарламасы әзірленді.

Заң • 30 Шілде, 2024

Жаңашылдығы көп заң

1 шілде күні Мемлекет басшысы қол қойған «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңда біраз ілкімді бастамаға басымдық берілген. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл жаңа заң аясында мемлекеттік сатып алу жүйесінің қалай өзгеретінін айтты.

Ең қысқа әңгіме • 30 Шілде, 2024

Бұл құрмет еді...

Шіліңгір шілдеде болған жайт бұл. Сол күні аспан айналып жерге түскендей, иә, сұмдық «жылып» кетіп еді. Айтары жоқ. Шақырайып тұр. Адам денесін үйретпей, бірден ысыған соң тіл байғұс та ауызға сыймай, аңқаң қаңғырлап кебетінін қайтерсің. Шыдамай қаладағы азық-түлік сататын көп дүкеннің біріне бұрылғанмын. Тоңазытқыштағы қара суға жеткенше асық едім. Жеттім де. Осы кезде ой мен шөлді бұзған бір ғажап диалог бола қалғаны.

Экономика • 27 Шілде, 2024

Берекелі саланың мерекесі

«Қазақстан Республикасын­дағы мерекелер туралы» заңға сәйкес біздің елде ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтілетіні белгілі. Осының ішінде ұлттық һәм мемлекеттік мерекелер арнайы іс-шаралармен республика деңгейде қамтылады. Ал кәсіби мереке­лердің жөні бөлек. Мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмегенмен, бұл – аты айтып тұрғандай, әр кәсіп­тік салада еңбек етіп жүрген аза­мат­тардың атап өтетін арнайы күні. Демек, мұндай арнаулы күнде әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын­дарыңызды құттықтауға әбден болады. Қош, алдағы жексенбі, яғни 28 шілде – Сауда қызметкерлері күні. Кәсіби мерекенің уақыты өзгер­мелі, өйткені жыл сайын шілденің төр­тінші жексенбісіне белгіленген.

Өндіріс • 26 Шілде, 2024

Төл өнім төрге озсын десек…

Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында көптеген елдің ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді жүргізетінін, тіпті дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп сая­сатына көшкенін айтқан еді. Президент мәлімдегендей, сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасайтын сәт келген сияқты. Азық-түлік өндірушілердің отандық сауда сөрелеріне өнімін қоя алмауы ұлттық экономикаға сын болғалы тұр.

Экономика • 25 Шілде, 2024

Аралды суға толтыру амалы: Жай сөз бе, нақты іс пе?

Өткен аптада Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіне өткен жылмен салыстырғанда 12,5 есе артық су келіп жатыр деп мәлімдеді. Қазір теңізге секундына 75 текше метрге дейін су құйылып жатыр. Бұл – Өзбекстан және Қырғыз­станмен жүр­гізілген бір­лес­кен жұмыс­тың нәти­жесі. Дариядағы су қалы­бынан бөлек, дүркін-дүркін жаңбыр жауып, жер ылға­лы да дұрыс болып тұр. Бір қызығы...

Экономика • 25 Шілде, 2024

Тыңайтқыштың сан түрі бар

«Astana invest» қалалық инвестицияларды дамыту орта­лығына қарасты №1 Индустриялық паркте заманға сай түрлі өнім шығаратын көптеген кәсіпорын бар. Соның бірі – «Swissgrow» ЖШС. 2017 жылы ашылған, 1,5 гектар аумақты алып жат­қан компания жыл сайын мыңдаған тонна минералды тыңайтқышты нарыққа шығарады.

Ауыл • 23 Шілде, 2024

Мүмкіндігі мол терминал

Ел экономкасының жетекші саласының бірі ауыл шаруа­шылығы болса, оның ішінде астық өндіруде ілкімді іс көп. Сондай-ақ бидай немесе өзге дақылдарды экспорттауда да отандық кәсіпкерлердің үлесі зор. Вице-премьер Серік Жұманғарин Ауғанстан, Түрік­менстан, Өзбекстан делегация­сымен бірге «Бейнеу» астық терминалына барып, оның жұмысымен таныс­ты. Жалпы ауданы 26 гектар болатын терминал Маңғыстау облысында орналасқан.