Шаруашылық • 30 Қаңтар, 2024
Мал шаруашылығымен айналысып жүрген таныс жігіттің қала маңынан бордақылау алаңын тұрғызғанын білемін. Ала жаздай 150 бас ірі қараға есептелген қора салды. Күзде малшы отбасы іздеп, әупірімдеп тапқаны бар. Елден келген тай-жабағысы аралас 100-ден аса малдың жайын білетін адам керек екені белгілі. Оның өзі бордақыға тұрған мал болса, күнделікті жемшөбін айырмайтын, жылқы жайын білетін малшы ұстау, таныстың арманы болған.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Тозған техника жұмысты тұралатады
Осыдан 10-15 жыл бұрын шығар, астығы жайқалған алқаптарда «Енесей» мен «Нива» секілді еңсесі түскен ескі комбайндар жүретін. Сүйегін әрең сүйретіп қозғалатын. Жүргенінен тұрғаны көп еді. Кеңестік кезеңде көресіні онсыз да көп көрген бұл техникаларға сол кезгі шаруалардың өкпесі аздау-тын. Өйткені өзге техникасы жоқ. Сол қиындықпен де егінді бастырып, күні-түні болса да астықты жиып бітетін...
Экономика • 28 Қаңтар, 2024
«KEGOC» АҚ былтырғы жұмысын қорытындылады. Өткен жұмада өткен баспасөз брифингінде айтылған деректер бойынша аталған компанияның жалпы пайдасы 2022 жылмен салыстырғанда 39 пайызға, яғни 50,9 млрд теңгеден 70,5 млрд теңгеге дейін өскен.
Мәселе • 25 Қаңтар, 2024
Кемелер қорымы немесе теңіз туризмін қашан түлетеміз?
Сондағы көргеніміз бір ғана сурет. Ағаш кеме. Бұл Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты Кәукей ауылында тұратын мұғалім-өлкетанушы Сәкен Қабыловтан келген еді. Күнге әбден қаңсыған кеменің сыртқы нобайының әлі де сақталғаны таңғалдырды.
Мәселе • 24 Қаңтар, 2024
Жүн мен теріні қалай кәдеге жаратамыз?
Ауылға барған сайын кіші ағамның шаруасына көмектесуге тырысамын. Бір жолы сарай толы қаптарды далаға шығардық. Былтырғы күзем мен көктемгі жабағы жүн екен. «Сыртқа шығарып өртеп жіберу керек». Тапсырма солай.