Несие • 29 Ақпан, 2024
Фермердің несиесі – халықтың несібесі
Өткен аптада Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров фермерлерге жылына 250-300 млрд теңге көлемінде несие қолжетімді болатынын айтқан еді. Дегенмен жыл сайын тек егіс науқаны үшін қажетті қарыз қаражатына деген қажеттілік 1,5 трлн теңгені құрап отыр. Ал қаржыландырудың жетіспеушілігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауына әкелетіні белгілі.
Өндіріс • 29 Ақпан, 2024
Қолымызда – «Shosa» ЖШС шығарған жиһаз тіреу өнімі. Бір қарағанда, қарапайым көрінген осы бұйым Қазақстан асып, Ресейдің көптеген қаласына тарайды. Әуелде бұған сенбегеніміз рас. Бара көрмекке бекіндік. Қала сыртына жақын өндіріс алаңында орналасқан цех жұмысымен танысқанымызда, алғашқы күмәнді ойдан арылдық.
Музей • 27 Ақпан, 2024
Біз көрген ғимарат әу баста орыс көпесінің үйі болған деседі. 1897 жылы салыныпты дейді білетіндер. ХІХ ғасырда Арал теңізінің бар балығын саудалаған мықтының бірі шығар, бәлкім. Бірақ тарихтағы Қазан төңкерісінен кейін бұл үй «Қызыл мүйіс» дейтін орталық болған көрінеді. Теңізден оралған балықшылардың кеңсесі ретінде пайдаға жарапты. Арадағы ғасырға жуық уақыттан соң бұл ғимаратты қала орталығына жылжытқан көрінеді. Мақсаты сол, бұдан музей етіп жасақтап, балықшы қауымның тарихын қайта жандандыру жұмыстары қолға алынған еді.
Өндіріс • 27 Ақпан, 2024
Көктем шығысымен құрылыс науқанының басталатыны белгілі. Жағдайы жеткендер үй соғады, қаржысы аз жандар уақытша баспана тұрғызады. Тіпті жоқ дегенде үй ішін ақтап-сырлап алатынымыз анық. Әйтеуір, қарап жатпай қам қылатын халықтың көбі құрылыс базарының саудасын жүргізіп жатпайтын ба еді?..
Несие • 23 Ақпан, 2024
Жеңілдетілген несие көлемі артады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін ауқымды жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті. Саладағы өнім көлемін ұлғайту туралы Президент тапсырмасынан соң Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп саласына кеңейтілген талдау жүргізіп, тиісті Жол картасын да әзірлеген. Бұл туралы министр Айдарбек Сапаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте журналистерге баяндады.
Экономика • 23 Ақпан, 2024
Ауыл шаруашылығы министрлігі берген мәліметке сенсек, елімізде үш миллионнан астам тері өңдейтін 9 кәсіпорын бар.
Туризм • 22 Ақпан, 2024
Барды ұқсату өзімізден басталады
Қазақ жерінде ежелден бұлақ көп. Көбісі халық ұғымында киелі саналады. Бәлкім, әулие-әмбие жатқан маңнан ұшырасқандікі болар. Бұдан бөлек, емдік шипасы бар бұлақ көздерін жиі естиміз. Бірақ оны өткен ғасырда қазылған көп бұлақпен салыстыруға келмейді. Олардың жөні бөлек. Кеңес өкіметі кезінде Қызылқұм мен Қарақұмда қой өргізген талай шопанның қыстауы мен жайлауынан бұрғылап ашқан жерасты суын бұл санатқа қосып қайтеміз? Мал басын өсіруде жақсы жайылымнан бөлек, су көзінің қажет екені түсінікті жайт қой.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Елде үйір-үйір жылқысы барлар екі-үш бие сауып отырған шеткі ауылдастан саумал сатып ішеді. Қорасынан көктемде қырық бұзау өрген ауыл қазағының үйіндегі жеңгей қағаз қораптағы сүтті шайға қатып отыр. Барды ұқсатуға не кедергі? Әсілі, адамда қызығушылық болмаса, істеген істің бәрі құр ма деп те қаласың.
Мирас • 19 Ақпан, 2024
Жылқыдан неге жырақтап барамыз?
Бәлкім, біз қателесіп те отырған шығармыз. Мұны оқып бастаған адам «пәлі, жылқы мінбей не көрініпті, біздің елде мұндайлар баршылық» деп қарсы уәж айтуы бек мүмкін ғой. Оған қарсы жауап та айтпаймыз. Бірақ кешегі мен бүгінгіні салыстырып көрдік.Ат үстінде өмір сүрген ата-баба салты белгілі. Оны қозғамаймыз. Әрі кетсек 20-30 жыл төңірегіндегі уақытты қаузап көрсек. Бір буын алмасар мұндай кезеңді ширек ғасыр деуші еді. Сол ширек ғасырда атқа мінген ағалар азайып, бала біткен оны сирек көретін жағдайға жетті.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
Елдегі ескі көлік иелері алаңдап отыр. Экологтер полицейлермен бірлесіп рейд жүргізбек. Мақсат – түрлі көліктерден бөлінетін газ мөлшерін тексеру. Егер ауаны бүлдіру көрсеткіші нормадан асса, пайдалану құқы шектеледі. Мемлекеттік нөмірі қоса алынады.