Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Елімізде 1 наурыздан бастап «Отау» бағдарламасы іске қосылды. «Отбасы банк» ұсынып отырған жаңа жоба аясында биыл 8000-ға жуық азамат баспанамен қамтылады деп жоспарланып отыр. Бағдарлама әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында «Отбасы банк» басшылығы «Қазақстан құрылыс салушылар» қауымдастығымен және Қазақстан құрылысшылар одағымен кездесіп, одан әрі дамытуды көздейтін бағыттарды талқылады.
Экспорт • 14 Наурыз, 2024
ОПЕК мұнайға сұраныс болжамын өзгертпеді
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мұнайға деген әлемдік сұранысқа қатысты өз бағалауын өзгеріссіз қалдырды. Бірақ биылғы инфляцияның және пайыздық мөлшерлемелердің күтілетін төмендеуі фонындағы экономикалық болжамды біраз жоғарылатты.
Шаруашылық • 13 Наурыз, 2024
Ақбас сиырға сұраныс арта түсті
Біз ағарғанын көп тұтынатын түліктің бірі – мүйізді ірі қара. Жалпы, қазақ жеріндегі сиыр тұқымының әрқалай екенін ескерсек, жер ерекшеліктеріне қарай олардың дене тұрқы мен төзімділігі де бөлек болады. Мысалы, ауа райы жылы болып келетін оңтүстік-шығыс өңірдегі сиырлар бойшаң, ірі денелі болса, қуаңшылық аймақтарда таралған ірі қараның денесі шағын әрі олар қыс айындағы суыққа төзімді келеді.
Өнер • 12 Наурыз, 2024
Осы термені алғаш болсын, мейлі, сан рет қайта тыңдасаң да іші-бауырың бір солқ етері анық. Тіпті тыңдай отырып, жарық дүниеге әкелген ең жақынының аман болса да көзі жасаурағандар көп. Ал тағдыр жазуымен анасынан айырылғандар бұл шығарманы тыңдаса...«..Түседі күлген кезі кейде есіме,Күлкісі, қуанышы – сый, несібе.Ғаламның сұлулары татымайды-ауАнамның күліп тұрған бейнесіне...Әсіресе соңғы екі жол жұрт ауызында жатталып, ана деген қастерлі ұғымның салмағын одан әрі еселегендей.
Шаруашылық • 12 Наурыз, 2024
Аграрлық сала алға бассын десек...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауында фермерлерді отандық тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа сорттарды шығару және өсірумен айналысу туралы айтылды. Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келгенін еске салып, егіс түрлерін көбейтуіміз қажет деді. Президенттің егістіктерді әртараптандыру және тиімділігі жоғары дақылдар алқабын ұлғайту, сондай-ақ суды көп қажет ететін және монокультуралық егістерді қысқарту жөнінде берген осы тапсырмасы бүгінгі мақаламыздың негізгі өзегі болып тұр.
Экспорт • 12 Наурыз, 2024
Отандық тауарлар мен қызметтерді экспорттау қызметі қайта құрылымдауды қажет етіп отыр. Бүгінде еліміз үшін негізгі нарық – Қытай, Ресей және Орталық Азия елдері. Соңғы уақытта экспорт географиясын Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдеріне қарай өрістету перспективасы көрініс берді.
Қоғам • 08 Наурыз, 2024
Бүгін аналар мен қыз-келіншектердің құшағы гүлге толады. Одан бөлек, сүйіктісіне косметика, аксессуар, тәттілер немесе әр алуан сый-сыяпат ұсынады. Романтикалық кешкі ас ұйымдастырып, спа-орталығына билет алып беріп жататындар да баршылық. Әрине, әйелдерді 8 наурыз күні ғана қуанту керек деген қағида жоқ. Бірақ жылына бір келетін мерекенің жөні бөлек.
Тәрбие • 07 Наурыз, 2024
Бақыт апа десе, біздің елдегілер елп ете қалады. Әсіресе, әйелдер қауымы. Жо-жоқ, қазіргі жас келіндер бұдан бейхабар болуы мүмкін. Біздің айтып отырғанымыз – 50-ден асып, 70 дейтін жасты алқымдаған аналар. Қазалының Бекарыстан би ауылында 500-ге жетеғабыл түтін бар. Осындағы халықтың басы ауырып, балтыры сыздамайды дейсіз бе? Денсаулықта кінәрат әрдайым болып тұрады. Ал әйелдерде... Ана болу бақытын кім аңсамас? Біз әңгімелегелі отырған кейіпкер солардың жәрдемшісі еді. Дұрысы, ауыл-аймақта дүниеге келген барлық баланың кіндік шешесі туралы айтамыз.
Бизнес • 06 Наурыз, 2024
Бизнеске несие беру динамикасы
Жаңа бизнеске арналған несиелер көлемінің өсімі айқындалған межеден 20%-ға асқан. Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының аналитикалық орталығы ұсынған мәліметке сүйенсек, былтыр кәсіпкерлік субъектілеріне банктер тарапынан 16 трлн теңге қаржы берілген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға немесе 2,9 трлн теңгеге көп.
Экономика • 04 Наурыз, 2024
Арзан көліктің кілтипаны Жүргізушілерді не толғандырады?
Шырғалаңы жетерлік. Шетелден көлік тасып, аз-маз пайдаға кенеліп жүргендердің уәжі еді бұл. Сондағы мәселе – өзге елден шыққан автомобильді Қазақстанға әкеліп тіркеу қиындығы. Көлік жүргізушілердің мазасын қашырған – түрлі төлем сомасының қымбаттығы, одан қалса құжат рәсімдеу уақытының созылуы.