Экономика • 28 Қаңтар, 2024

Таза пайда – 42,7 млрд теңге

317 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«KEGOC» АҚ былтырғы жұмысын қорытындылады. Өткен жұмада өткен баспасөз брифингінде айтылған деректер бо­йынша аталған компанияның жалпы пайдасы 2022 жылмен салыстырғанда 39 пайызға, яғни 50,9 млрд теңгеден 70,5 млрд теңгеге дейін өскен.

Таза пайда –  42,7 млрд теңге

Брифингте айтылғандай, елі­мізде электр энергиясын тұты­ну 1,9 пайызға артқан. Ал түсім 251,9 млрд теңгені құрап отыр. «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжановтың айтуынша, бұл көрсеткіш өсім негізінен реттелетін қызметтер бойынша көлемдер мен тарифтердің өсуі және операциялық шығындарды оңтай­ландыру есебінен қалып­тасып отыр. Сонымен компа­ния­дағы таза пайда өткен жылдың қоры­тындысымен 42,7 млрд теңге болса, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 60 пайызға жо­­ғары. Ол жылы компания пайдасы 26,7 млрд теңгені құра­ған еді. Бір қызығы, былтыр ком­панияның таза пайдасы 31,5 млрд теңге болады деп алдын ала болжанған еді. Бү­гін­де «KEGOC» АҚ болжанған қар­жының өсуін ескеріп, екінші жартыжылдықта төленетін дивиденд көлемін ұлғайту мәселесін қарауда. Басқарма төрағасы мұн­дай шешім акционерлер үшін де, әлеуетті инвесторлар үшін де оң серпін болатынын атап өтті.

– Өткен жылдың екінші жарты жылдығының қорытындысы бо­­йынша дивидендтер төлеу биыл екінші тоқсанында жү­зеге асы­рады. Компанияда диви­дендтік саясат жаңартылды, оған сәйкес, оны төлеуге таза пайданың кемінде 60 пайызы жұмсалады. «KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер жылына екі рет төленеді. Былтыр бірінші жартыжылдық бойынша компания 20,2 млрд теңге мөлшерінде дивидендтер төледі, – деді Н.Айтжанов.

Сондай-ақ компания жаңа жобаларды енгізу және қол­да­ныстағы желілерді жаңғыр­ту­ды жалғастыра бермек. Ал былтырғы қорытынды бойынша Батыс энергия торабының электр желілерін күшейту бойынша ірі инвестициялық жобаның аяқталуын айтуға болады. Бұл жоба осы желілердің қызмет ету мерзімін 30 жылдан аса уа­қыт­қа ұзартты. Ал бүгінде  Бір­тұ­тас электр энергетикалық жү­йе­сінің Оңтүстік аймағын ны­ғай­ту жобасы басталып кеткен. Жобада Жамбыл және Түркістан облыстарының 500 кВ-тық электр желілерін күшейту, оның ішінде үш қосалқы электр стансасын кеңейте отырып, 500 кВ-тық «Шу – Жамбыл – Шым­кент» әуе желісін салу қарас­тырылыпты.

Айта кетейік, бүгінде компа­нияның балансында ұзын­дығы шамамен 27 мың шақырым, кернеуі 220-1150 кВ электр желі­лері мен трансфор­ма­тор­ла­ры­ның белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 83 қосалқы электр станса­сы бар.