Медицина • 28 Сәуір, 2026

Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында тұратын 47 жастағы әйелді ұзақ уақыт ештеңе мазаламаған. Ісік пневмониямен ауырып, ауруханаға тексерілуге барған кезде анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады

Науқас ішінің үлкейгенін және тәбетінің төмендегенін айтқан. Дәрігерлер алдымен оның іш қуысынан 7 литр сұйықтық шығарды. Кейін бірнеше сағатқа созылған күрделі ота барысында диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6200 грамм ісік алынды.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды

Негізгі диагноз – сол жақ аналық бездегі муцинозды шекаралық ісік. Бұл дерт ұзақ уақыт белгісіз өтуі мүмкін. Қазір әйел дәрігерлердің бақылауында, өміріне қауіп жоқ.

Соңғы жаңалықтар