Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен сәтте, 12 қабатты үйдің 7-қабатындағы пәтерден қою түтін шығып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер дереу өрт оқпандарын беріп, жалынды ауыздықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Сондай-ақ судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Құтқару жұмыстары барысында ТЖМ күштері жоғары қабаттарда орналасқан 10 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, пәтердің ас үйінде тұрмыстық техника, үй заттары мен жиһаздар өртенген.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. «112» құтқару қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.