• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Мамыр, 2024

Тыйым салынған жерде темекі шеккен шетелдікке айыппұл салынды

124 рет
көрсетілді

Тбилиси-Алматы бағытындағы рейс ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақтың жанынан темекі шегіп отырған шетелдік жолаушыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске салайық, белгіленбеген орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға Қазақстан заңнамасымен тыйым салынады.

«Тексеру барысында Қытай Халық Республикасының 24 жастағы азаматы анықталды. Құқық бұзушы белгіленбеген орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, оған 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», деп мәлімдеді полиция департаменті.

Айта кетсек, жыл басынан бері еліміздің жол полициясы түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 32 мыңнан астам адамды жауапқа тартты. Құқық бұзған азаматтардың 1 021-і белгіленбеген жерлерде темекі шеккені үшін жауапкершілікке тартылды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті