• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 17 Мамыр, 2024

«Бәйтерек» холдингі фермерлерге 100 млрд теңге бөлді

89 рет
көрсетілді

«Бәйтерек» холдингі шаруаларды қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2024 жылғы 16 мамырда холдинг фермерлерді көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қаржыландыруды уақтылы қамтамасыз ету мақсатында KASE алаңында облигацияларды сатып алу арқылы 100 млрд теңге сомаға «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ (бұдан әрі - АНК) еншілес ұйымдарын қаржыландыруды жүзеге асырды. АӨК жобаларын нарықтық қаражат есебінен егіс жұмыстарына жоспарланатын қаржыландырудың жалпы көлемі 2024 жылы 300 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ескере отырып, АӨК субъектілері жеңілдікті қаржыландыруды алады», деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

АНК бағалау жүйесі бойынша көктемгі егіс жұмыстарына 300 млрд теңгеге дейін қосымша қаржыландыру есебінен 4 млн гектарға жуық егістік алқаптары қамтылады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті