• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Мамыр, 2024

Алаяқтық жасаған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

84 рет
көрсетілді

Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ Әзербайжанда анықталып, Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 мамырда Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны Қазақстан азаматын Әзербайжан Республикасынан жеткізді.

«Ол 2021-2023 жылдар аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды арзан бағамен тасымалдайтыны туралы айтып, азаматтардың сеніміне кіріп, 21,5 миллион теңге көлеміндегі қаржыны қалтасына басқан. Одан бөлек, 2022 жылдың қаңтарында күдікті алаяқтық жолмен «Toyota Land Cruiser» көлігін иемденіп, жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келтірген», делінген хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, қылмыс жасаған соң күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 

Күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Енді оған 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті