2013 жылғы 30 желтоқсан, Астана қаласы
«Жүн өндірісі» кәсіби стандартын бекіту туралы
2013 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріп отырған «Жүн өндірісі» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушы А.РАУ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
___________ Т.ДҮЙСЕНОВА.
2013 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының
2013 жылғы 30 желтоқсандағы №479 бұйрығымен бекітілген
«Жүн өндірісі» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жүн өндірісі» кәсіби стандарты (одан әрі КС) біліктілік деңгейіне, құзыреттікке, еңбек мазмұны, сапасы мен шарттарына қойылатын талаптарды анықтайды және мына мақсаттарға арналған:
1) кәсіби қызмет мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуге;
2) еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
3) персоналды басқару саласында бірқатар міндеттер шеңберін шешуге;
4) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
5) мамандардың кәсіби даярлығына бағалау мен біліктілігінің сәйкестігіне растау жүргізуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлері;
2) ұйым басшылары мен қызметкерлері, ұйымның персоналды басқару бөлімшесінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру стандарттарын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығына бағалау және біліктілігінің сәйкестігіне растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде қызметтің функционалдық үлгілеріне, лауазымдар, біліктілікті арттыру, қызметкерлерді аттестаттау, еңбекті ынталандыру жүйесі мен басқаларына арналған ішкі, ұжымдық стандарттар әзірлене алады.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің нақты түрі шеңберінде нақты қызметтерді сапалы орындауына даярлығы;
2) біліктілік деңгей – күрделілігі параметрлері, стандартты емес еңбек шарттары, жауаптылығы және дербестігі бойынша тарамдалатын қызметкердің құзыреттігіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заты – нақты еңбек құралдарының көмегімен өнім құру мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;
4) еңбек құралы – еңбек затын бастапқы жағдайдан өнімге түрлендіру үшін қызметкер пайдаланатын құралдар;
5) еңбек қызметінің түрі-еңбек қызметтерінің бүтін жинағымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттіктермен қалыптастырылған кәсіби қызмет саласында құрамдас бөлік;
6) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жинағы;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы біріктірілген негізге ие (балама және жуық арналулар, нысандар, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) және оларды орындау үшін еңбек қызметтері мен құзыреттіктердің ұқсас жинағын болжайтын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, мазмұны, сапасы мен еңбек әрекеттеріна қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;
9) КС бірлігі – бүтін, аяқталған, салыстырмалы автономды және осы еңбек қызметінің түрі үшін мәнді болып табылатын нақты еңбек қызметінің тарамдалған сипаттамасынан тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
10) Кәсіп – арнайы теориялық білім мен арнайы даярлық нәтижесінде алынған практикалық дағды, жұмыс тәжірибесінің кешенін иеленуді талап ететін еңбек қызметінің тегі;
11) Құзыреттік – еңбек қызметінде білімін, дағды мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
12) Лауазым – ұйымның ұйымдастыру-әкімшілік сатысы жүйесінде функционалдық орын;
13) Міндет – еңбек қызметін іске асырумен және нақты заттар мен еңбек құралдарын пайдаланумен нәтижеге жетумен байланысты әрекеттер жиынтығы;
14) Сала – олар үшін шығарылатын өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыскерлердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән болатын кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы;
15) Салалық біліктіліктің шеңбері (одан әрі СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық сипаттау;
16) Ұлттық біліктіліктің шеңбері (одан әрі ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
17) Функционалдық карта – кәсіби қызметтің сол не басқа саласы шеңберінде қызметкердің нақты түрін орындайтын еңбек қызметтері мен міндеттерін құрылымдық сипаттау.
2. КС паспорты
5. КС паспорты келесіні анықтайды.
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы): ҚР МЖ 03-2007 «13.20 Тоқыма бұйымдарының өндірісі. Жүн өндірісі».
2) экономикалық қызмет (кәсіби сала) түрінің негізгі мақсаты: Жүн өндірісінде жүнді бастапқы өңдеуді ұйымдастыру. Кәсіби стандарт «Жүнді бастапқы өңдеу» кәсіби қызмет саласында еңбек мазмұны, сапасы, шарттары, қызметкерлер біліктілігі мен құзыреттігіне қойылатын талаптарды белгілейді
3) еңбек қызметінің, кәсіптің түрлері, біліктілік деңгейлер осы кәсіби стандартқа 1-қосымшада келтірілген.
Стандарт талаптары осы салада «жүн жуатын агрегат операторы, лаборант, техник-технолог» кәсібіне қатысты болады
3. «Жүн жуатын агрегат операторы» еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкалары
6. Еңбектік қызметінің (кәсіптің) түр карточкасы құрайды
1) СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2-4
2) лауазымның мүмкін болатын атаулары: Жүн жуушы.
3) «Жүн жуатын агрегат операторы» кәсібі субъектінің маманға жүнді бастапқы өңдеу процесін жүргізу негізгі қызметті іске асырумен болатын міндеттерді білу мен орындай білуді міндеттейді. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 2-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.
4) жүн жуатын агрегат операторының еңбек әрекеттеріна, жұмыс тәжірибесі мен біліміне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.
5) КС бірлігінің тізбесі осы кәсіби стандартқа 2-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген.
6) «Жүн жуатын агрегат операторы» орындайтын еңбек әрекеттерін, кәсіби стандарт бірлігін сипаттайтын функционалдық қарта осы КС 2-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.
7) жүн жуатын агрегат операторы құзыретіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшаның 5-кестесінде келтірілген.
4. «Техник-технолог» еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкалары
7. Еңбектік қызметінің (кәсіптің) түр карточкасы құрайды
1) СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4-5
2) лауазымның мүмкін болатын атаулары: Шебер
3) «Техник-технолог» кәсібі субъектіге жүнді бастапқы өңдеу процесін ұйымдастырумен, өнім сапасын, еңбек өнімділігін және жабдықтарды қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді білу мен орындауды міндеттейді. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 3-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.
4) техник-технолог еңбек әрекеттеріна, жұмыс тәжірибесі мен біліміне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.
5) КС бірлігінің тізбесі осы кәсіби стандартқа 3-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген.
6) техник-технолог орындайтын еңбек әрекеттерін, КС бірлігін сипаттайтын функционалдық қарта және құзыреттілікке қойылатын талаптар осы кәсіби стандартқа 3-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.
7) техник-технолог құзыретіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшаның 5-кестесінде келтірілген.
5. Осы КС негізінде берілетін сертификаттар түрлері
8. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы кәсіби стандарт негізінде сертификаттар береді.
9. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттар түрлері игерілуі осы КС 2,3,4- қосымшаларының 3-кестесінде қарастырылған сертификат алу үшін қажетті кәсіби стандарт бірліктерінің тізіліміне сәйкес анықталады.
6. КС әзірлеушілер, келісу парағы, сараптама жасау және тіркеу
10. КС әзірлеугі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады.
11. КС келісу парағы осы кәсіби стандартқа кестеде көрсетілген.
«Жүн өндірісі» кәсіби стандартына 1-қосымша
Қызмет, кәсіп түрлері, біліктілік деңгейлері
№ р/с Еңбек қызметі түрінің атауы Еңбек нарығы үрдісін есепке ала отырып кәсіп атауы ҚР қызметтердің мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес кәсіп атауы (ҚР МЖ 01-2005) Салалық біліктілік шеңберінің біліктілік деңгейі
1 Жүн жуатын агрегатта жүнді жуып кептіру Жүн жуатын агрегат операторы Жүн жуушы (жүн өндірісі) 2-4
2 Жүнді бастапқы өңдеуді ұйымдастыру және бақылау Техник-технолог Техник-технолог 4
«Жүн өндірісі» кәсіби стандартына 2-қосымша
1-кесте
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіптердің жіктеуіші (МКЖ)
Базалық топ 7431 Мақта-мата, кенеп, жібек орау, жүн, кеуекті жіп өндірісінда мен мақта өндірісінде талшық дайындаумен айналысатын жұмыскерлер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)
БТБА шығарылымы, бөлімі 44-шығарылым, «Жүн өндірісі» бөлімі
БТБА бойынша кәсіп Жүн жуушы
Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі БТБА бойынша разрядтар
3 3-4
4 5
2-кесте
Еңбек шарттарына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсіп бойынша мүмкін болатын жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйымдар) Жүнді бастапқы өңдеу кәсіпорындары, киіз басу өндірісі
Зиянды және қауіпті факторлар, еңбек шарттары Машиналар мен тетіктердің айналатын бөліктері, электр жабдығы, жылу генераторы, бу
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Медициналық кері көрсеткіштердің және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беруден өтудің болмауы
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
3 Білім беру ұйымы негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлық бағдарламасы бойынша курстар немесе жалпы орташа білімі немесе негізгі орта білім негізінде техникалық және кәсіби білімі немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білімі болған жағдайда кәсіпорында оқу Талап етілмейді
4 Жоғары деңгейде техникалық және кәсіби білімі (қосымша кәсіби даярлық), практикалық тәжірибе Кемі 3 жыл 3-деңгейде
3-кесте
КС бірліктерінің тізбесі (кәсіптің еңбек функциялары)
Еңбек қыз-метінің шифрі Еңбек функциясының атауы
Ф 1 Шикізат, материалдар, жабдықтар, жуғыш ерітінділерді жүн жуу процесін жүргізу үшін дайындау
Ф 2 Жүнді түту, қопсыту, жуға шылау, жуу, шаю, кептіру процестерін жүргізу
Ф3 Жабдық және жұмыс орнына күтім жасау
4-кесте
КС бірліктерін сипаттау (функционалдық карта)
Еңбек қызметінің шифрі Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер
(еңбек әрекеті)
Ф 1 Жуылмаған жүн Пневмокөлік, конвейер, қоректендіргіш З 1.1: Жуылмаған жүнге қоректендіргіш құю
Жуылмаған жүн Баркалар, жуғыш ерітінділер З 1.2: Жүнді жуу мен шаю процесіне баркаларды дайындау
Жуғыш ерітінді Химиялық материалдар З 1.3: Жуғыш ерітіндіні дайындау
Кептіргіш машина Кептіру параметрлері, шығатын өнім ылғалдығына қойылатын талаптар З 1.4: Кептіру секциясын жүн кептіруге дайындау
Ф 2 Жуылмаған жүн Түту машинасы З 2.1: Жуылмаған жүнді қопсыту мен түту процесін жүргізу
Жуылмаған жүн Баркалар З 2.2: Жүнді жуу, сығу және шаю процестерін жүргізу
Жуылған жүн Кептіргіш машина З 2.3: Жуылған жүнді кептіру процесін жүргізу
Ф 3 Жабдық торап-тары мен тетіктері, жұмысшы орын беті Жабдыққа күтім жасау ережелері мен графиктері, ауысымды қабылдау және тапсыру ережесі, қауіпсіздік техникасы ережесі З 3.1: Жабдықты тазарту, жұмыс орнын жинау
Шикізат, мате-риалдар шығыны, дайындалған өнім көлемдері Журналдар, құжаттама, жүргізу ережесі З 3.2: Шикізат, материалдар, дайындалған өнімге есеп жүргізу, қабылданған құжаттаманы жүргізу
5-кесте
Жүн жуатын аргегат операторының құзыреттігіне қойылатын талаптар
3-деңгейдегі СБШ
Міндет шифрі Тұлғалық және кәсіби құзыреттер Білік пен дағдылар Білімі
З 1.4 Өзіндік әрекет: типтік жағдайда дербестігін және кәсіби қызметтің күрделі жағдайында басшылықпен жұмысын жүзеге асыру, оқуды өзіндік ұйымдастыру Жауаптылығы: жұмысты орындау нәтижесіне, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға. Кептіру машинасын күйге келтіру және жұмысқа қосу дағдысы, бекітілген параметрлерді орнату Кептіру машинасының құрылымы, жұмыс істеу қағидатын, кептіру параметрлерін, кіретін өнім ылғалдығына қойылатын талаптарды білу
Күрделілігі: типтік практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау: кептіру жабдығын дайындау – қыздыру, параметрлер белгілеу
З 2.1 Өзіндік әрекет: типтік жағдайда дербестігін және кәсіби қызметтің күрделі жағдайында басшылықпен жұмысын жүзеге асыру, оқуды өзіндік ұйымдастыру
Жауаптылығы: жұмысты орындау нәтижесіне, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: типтік практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау: жуылмаған жүнді қопсыту мен түту процесін жүргізу Түту машинасында жұмыс істеу дағдысын меңгеру, жүннің түтіну және қоқыстану деңгейін анықтай білу Түту машинасының технологиялық режимін, құрылымы мен жұмыс істеу қағидатын, құралдарды немесе компьютерді берілген режимге күйге келтіре білу
З 3.1 Өзіндік әрекет: типтік жағдайда дербестігін және кәсіби қызметтің күрделі жағдайында басшылықпен жұмысын жүзеге асыру, оқуды өзіндік ұйымдастыру
Жауаптылығы: жұмысты орындау нәтижесіне, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: типтік практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау: ауысымды тапсыру-қабылдау, бекітілген жабдықты тазарту және жұмыс орнын жуу Жабдық тораптары мен тетіктерін тазарту, жинақтау камерасынан қоқысты алу, агрегаттар, жүйелер, коммуникациялар, жұмысшы органдарды шайып шығу дағдысы Жабдыққа күтім жасау ережесі мен кестесін, ауысымды қабылдау және тапсыру ережесін, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздікті, ішкі тәртіп ережелерін білуі керек.
З 3.2 Өзіндік әрекет: типтік жағдайда дербестігін және кәсіби қызметтің күрделі жағдайында басшылықпен жұмысын жүзеге асыру, оқуды өзіндік ұйымдастыру
Жауаптылығы: жұмысты орындау нәтижесіне, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: типтік практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау: Шикізат, материалдар, дайындалған өнімге есеп жүргізу, қабылданған құжаттаманы жүргізу Есеп жүргізу және қабылданған құжатты жүргізу қағидалары Шикізат, материалдар, асай-мүсей шығындарының нормалары, құжаттама жүргізу ережесі
Жүн жуатын аргегат операторының құзыреттігіне қойылатын талаптар
4-деңгейдегі СБШ
Міндет шифрі Тұлғалық және кәсіби құзыреттер Білік пен дағдылар Білімі
З 1.3 Өзіндік әрекет: таныс жағдайларда кейбір дербестігінің болуы жағдайында басшылықпен жұмыс, басшылық үйретуі
Жауаптылығы: қарапайым тапсырмаларды орындау нәтижелері үшін, өзінің қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігі үшін, қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын орындағаны үшін Күрделілігі: қарапайым типтік міндеттерді шешу: Жүнді жуу мен шаю процесіне баркаларды дайындау, оларға жуғыш ерітіндіні толтыру, пультте бекітілген параметрлерді орнату Химиялық стансаны күйге келтіру мен іске қосу, жуғыш ерітінділерді дайындау, бекітілген режим және рецептіге сәйкес жуғыш ерітінділерді дайындау дағдысы, индикаторлар көмегімен ерітіндіні талдай білу Химиялық станса құрылысы, жұмыс істеу қағидатын, жуғыш ерітінділер параметрлері мен қасиеттерін, химиялық материалдардың жұмсалу нормаларын білу
З 2.2 Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: Жүнді жуу мен шаюдың негізгі технологиялық процесін жүргізу, шала өнімдер сапасын, технологиялық процестер мен дайын өнімді бақылау, ұжымда үйретіп жетекшілік ету жұмысы Агрегаттың жуатын баркаларында жұмыс істеу, жуғыш ерітінді мен судың ағып кетуіне қарсы әрекетті қолдану дағдысы, реттеуші құрылғылардың ақаусыздығын бақылау, синералдық және органикалық қосымдарды кетіру, ланолин алу, қалдықтарды кәдеге жарату Жүнді бастапқы өңдеу технологиясын, технологиялық режим, жүн жуатын агрегат құрылымы мен жұмыс істеу қаиғдатын, құралдар немесе компьютерді жүн жуудың берілген режиміне келтіре білу, жуылған жүн сапасына қойылатын талаптарды білуі, зертханалық талдаулар негізінде жүн сапасын бақылауы керек.
З 2.3 Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі
Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: жуылған жүнді кептірудің технологиялық процесін жүргізу. Ұжымды үйретіп жетекшілік ету Кептіргіш машинада жұмыс істеу дағдысы, кептірудің талап етілетін параметрлерін ұстану Кептіргіш машинаның құрылымы мен жұмыс істеу қағидатын, жуылған жүн сапасына қойылатын талаптарды, кептіру параметрлерін реттеу әдістерін, оның ішінде энергия үнемдеу әдістерін білу
«Жүн өндірісі» кәсіби стандартына 3-қосымша
1-кесте
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіптердің жіктеуіші (МКЖ)
Базалық топ 3111 техник-технолог
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)
Шығарылым, БТБА бөлімі 44-шығарылым, «Жүн өндірісі» бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әулеметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 73-ө-м бұйрығымен бекітілген
БТБА бойынша кәсіп Техник-технолог
Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі БТБА бойынша разрядтар
4 4-5
5 6-8
2-кесте
Еңбек шарттарына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсіп бойынша мүмкін болатын жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйымдар) Жүнді бастапқы өңдеу кәсіпорындары
Зиянды және қауіпті факторлар, еңбек шарттары Машиналар мен тетіктердің айналатын бөліктері, электр жабдығы, бу.
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Медициналық кері көрсеткіштердің және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беруден өтудің болмауы
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
4 Техникалық немесе кәсіби білім -
3-кесте
Кәсіптің еңбек функцияларының тізбесі
Еңбек қызметінің шифрі Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)
Ф 1 Өндірістік-технологиялық
Ф 2 Ұйымдастыру-басқару
Ф 3 Тәжірибелік-эксперименталдық
4-кесте
КС бірліктерін сипаттау (функционалдық карта)
Еңбек қызметінің шифрі Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер
(еңбек әрекеті)
Ф 1 Технологиялық карталар мен өндіріс схемалары Технологиялық (техникалық) құжатты әзірлеу қағидалары мен талаптары З 1.1: Технологиялық (техникалық) құжаттаманы, жұмыстың оңтайлы режимдерін, жабдыққа күтім жасау кестелерін, жуғыш ерітінділер рецептілерін және оларды дайындау режимдерін әзірлеу
Өндірістік тәртіп, өнеркәсіптік сани-тария, үй-жайдың температуралық-ылғал режимі Бақылау әдістері мен түрлері З 1.2: Технологиялық және өндірістік тәртіптің сақталуына, өндіріс мәдениеті, өнеркәсіптік санитария, үй-жайдың температуралық-ылғал режимінің сақталуына бақылау
Шикізат пен материалдар, дайын өнім, жуғыш ерітінділер Сапаны бақылау әдістері мен түрлері З 1.3: Шикізат пен материалдар, дайын өнім сапасын тексеруді жүзеге асыру
Технологиялық жабдық Бақылау әдістері мен түрлері З 1.4: Технологиялық жабдықтың пайдалануына, белгіленген параметрлер сақталуына, сақтандыру, жөндеу, жабдықты тазарту кестелерінің сақталуына бақылау
Ф 2 Тапсырыс, мақсаттар, өндірістік міндеттер Ұйымдастыру-басқару аспаптары З 2.1: Орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, өндірістік жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру; жұмыстарды жоспарлау кезінде оңтайлы шешімдер таңдау. Өндіру уақытыныңғ негізделген нормаларын, қызмет көрсету аймақтарын белгілеу
Өндіріс учаскелерінің технологиялық параметрлері Сапаны бақылау әдістері мен түрлері З 2.2: Өндірістің барлық учаскелерінде шығарылатын өнім саны мен сапасын бақылау; технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін бағалауда, оны арттыру бойынша шаралар әзірлеуге қатысу
Өндіріс учаскелерінің технологиялық параметрлері Қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік құралдары, қағидалары З 2.3: өндірістің барлық учаскелерінде қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Өндірістік процесте қиындықтар, құзыреттік жетіспеушілігі Біліктілікті арттыру әдістері мен тәсілдері З 2.4: өндірістің барлық учаскелерінде жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, олардың жаңа техника және технология игеруін ұйымдастыру
Ф 3 жаңа технологиялық жабдық Сынау әдістері, режимдері З 3.1: Жаңа технологиялық жабдықты сынау, жаңа режимдер, препараттар мен параметрлерді өндірістің барлық кезеңдерінде сынау
жаңа технологиялық жабдық Сынау әдістері, режимдері З 3.2: Жаңа, оның ішінле ресурс үнемдейтін технологияларды, жаңа жабдықтарды енгізу бойынша тәжірибелік-экспериментальдік жұмыстар жүргізу
Өндірістік процесте қиындықтар, құзыреттік жетіспеушілігі жаңашылдық және оңтайландыру жұмыстарының әдістері мен тәсілдері З 3.3: ұжымда жаңашылдық және оңтайландыру жұмыстарын ұйымдастыру
5-кесте
Техник-технолог құзыреттігіне қойылатын талаптар
4-деңгейдегі СБШ
Міндет шифрі Тұлғалық және кәсіби құзыреттер Білік пен дағдылар Білімі
З 1.1 Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі
Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: Технологиялық (техникалық) құжаттаманы, жұмыстың оңтайлы режимдерін, жабдықөа күтім жасау кестелерін, жуғыш ерітінділер рецептілерін және оларды дайындау режимдерін әзірлеу Құжаттама дайындау, кесте құру Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру мен оны басқару негіздерін, жүнді бастапқы өңдеу технологиясын, жабдықтарды техникалық пайдалану ережелерін білу
З 1.2 Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі
Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: Технологиялық және өндірістік тәртіптің сақталуына, өндіріс мәдениеті, өнеркәсіптік санитария, үй-жайдың температуралық-ылғал режимінің сақталуына бақылау Өндіріске техникалық бақылауды жүзеге асыру Кәсіпорынның қолданыстағы стандарттар, техникалық шарттар, технологиялық режимдер, техникалық пайдалану ережелері
З 1.3 Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі
Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: Шикізат пен материалдар, дайын өнім сапасын тексеруді жүзеге асыру Шикізат, материал-дар, дайын өнімнің сәй-кеспеушілігін көзбен шолып және зертханалық талдау негізінде анықтай білу Мақта мен үліктің физика-механикалық және химиялық қасиеттерін, сәйк-еспеушіліктер себептері мен жою әдістерін, стандарттар, сапа жөніндегі нұсқаулықтарды, жіктеу жұмыстары-ның әдістерін, қоқыс-тану түрлері мен дәрежесін анықтай білу
З 1.4 Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі
Жабдық жағдайын талдау және бағалау Жабдық құрылғысы мен пайдалану ережелерін, оларға күтім жасау ережелерін білу
Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: технологиялық жабдықтың пайдалануына, белгіленген параметрлер сақталуына, сақтандыру, жөндеу, жабдықты тазарту кестелерінің сақталуына бақылау
З 2.1 Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі
Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: Орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, өндірістік жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру; жұмыстарды жоспарлау кезінде оңтайлы шешімдер таңдау. Өндіру уақытыныңғ негізделген нормаларын, қызмет көрсету аймақтарын белгілеу Заманауи бағдар-ламалық және ақпараттық техно-логиялардың техникалық құралдарын, озық халықаралық тәжірибені пайдалану Өндірісті ұйымдастыру, үнемдеу, еңбекті нормалауды білу
З 2.2 Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі
Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: Өндірістің барлық учаскелерінде шығарылатын өнім саны мен сапасын бақылау; технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін бағалауда, оны арттыру бойынша шаралар әзірлеуге қатысу Шығарылатын өнім сапасын, санын анықтау Жабдықтың өнімделігі мен өнім өндіру стандарттары, нұсқаулықтары, есептеу әдістерін білу
З 2.3 Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі
Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: өндірістің барлық учаскелерінде қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету Өндірістің барлық учас-келерінде қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіп-сіздікті қамта-масыз ету жағдайын талдау және бағалау, оларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қа-былдай білу Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы, өнеркәісіптік санитария мен өртке қарсы жүйе, технологиялық жабдықты автомат басқару жүйелері
З 2.4 Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі
Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: өндірістің барлық учаскелерінде жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, олардың жаңа техника және технология игеруін ұйымдастыру Кәсіп негіздерін жұмыскер-лердің оқуын жүргізу дағдысы, семинарлар, курстар жүргізу, оқыту бағдар-ламаларын құрастыру Өз өндірісінің кәсіптері шеңберінде оқу әдістемелері мен бағдарламаларын білу
«Жүн өндірісі» кәсіби стандартына 4-қосымша
Келісу парағы
Ұйым атауы Келісу күні
1. Қазақстан Республикасы еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау миинистрлігі 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 04-3-1-16/16973
Осы кәсіби стандарт___________________________________________________________________
________________________________________________________тіркелді
Кәсіби стандарттар кәсіби стандарт тізбесіне енгізілді, тіркеу № _______________________
Хат (хаттама) № _________________ Күні________________________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 14 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9423 болып енгізілді.