• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Өнер 26 Мамыр, 2024

Димаш Құдайбергенге жанкүйерлері концертінде тосынсый жасады

307 рет
көрсетілді

Шетелде үлкен концерт беріп, туған күнін атап өткен Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде тағы бір видеомен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әнші 25 мамырда Instagram-дағы парақшасында Ыстанбұлда Түркия) өткен концертінен түсірілген видеоларды жариялады. Видеода әлемнің түрлі елдерінен жиналған мыңдаған жанкүйерлер «Махаббат бер маған, Тағдыр» әнін шырқады.

Димаштың өзі болса, оларға сахнадан қолдау беріп иығына Қазақстан туын жамылып тұрды.

- Рақмет. Бұл таңғажайып түн болды. Рақмет, қымбаттыларым, - деп жазды Димаш Құдайберген желіде.

Димаштың ресми сайтында атап көрсетілгендей, бұл ерекше кездесу 24 мамырда Ыстанбұлдағы үлкен «Бешикташ» стадионында өтті.

      Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)