Бұл жолы шаңғы спорты бойынша жарыс жолына алты департамент пен басқарманың өкілдері шықты. Әйелдер 500 метрде, ерлер 1000 метрде күш сынасты.
Тартысты өткен бәсекеде облыстық қазынашылық департаменті мен облыстық тексеру комиссиясының өкілдері ұшқырлық танытып, жеңіс тұғырының алғашқы екі сатысын олжаласа, жүлделі үшінші орынға облыстық мемлекеттік кірістер департаменті табан тіреді.
Командалық есепте топ жарғандар мен жекелей есепте көзге түскен мемлекеттік қызметшілер медальдармен және грамоталармен марапатталды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.