• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Мамыр, 2024

Қазақстан түрмелерінде 43 тұтқын өз-өзіне қол жұмсамақ болды

144 рет
көрсетілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері мен түрмеден қашу фактілері туралы баяндады. Оның айтуынша, Қазақстандағы барлық колониялар үздіксіз бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске салайық, қауіпсіздікті күшейту мақсатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық колонияларын камерамен жабдықтауды тапсырған еді. Бүгінде аналитикалық және бақылау функциялары бар 39 мыңнан астам бейнекамера орнатылды.

«Бейнекамераларда аналитика және бақылау функциялары қарастырылған. Сондай-ақ тыйым салынған аймаққа кірген немесе объективі жабылған кезде дабыл жіберетін мүмкіндігі бар. Ондағы бейне Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ахуалдық орталығына, сондай-ақ, прокуратура органдарына шығарылған. Бұл жағдайды нақты уақыт режимінде тұрақты түрде бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тыйым салынған аймақтарға кіру және объективтерді блоктауға арналған дабыл бар. Бұл шаралар оң нәтиже берді. Бұл жүйе енгізілгеннен бері сотталғандардың қамауда ұстау режимін бұзудың 24 мыңға жуық фактісі анықталды. 43 суицид пен 4 қашу әрекетінің алды алынды», деді Шыңғыс Әлекешев.

Ол бүгінде елімізде 78 мекеме жұмыс істеп жатқанын, оның 62-сі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау және 16 тергеу изоляторы бар екенін айтты. Оларда 37 мың адам отыр, оның 32 мыңы сотталған, 5 мыңы тергеу кезінде қамауға алынғандар.

Сондай-ақ бейнекамераның арқасында тыйым салынған заттарды жеткізбек болған 151 адам ұсталды. Олар 267 телефон, 33 литр алкоголь және 2 келіге жуық есірткіні кіргезбек болғаны анықталды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті