• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Мамыр, 2024

Ақтауда жеңіл көлік өртке оранды

92 рет
көрсетілді

Өртеніп жатқан көлікті қасынан өтіп бара жатқан жүргізуші түсіріп алған. Видеода көліктің өзінен бөлек, бордюрде өртті бақылап отырған адам көрінеді. Желі қолданушылары оны өртенген көліктің иесі деп болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 29 мамыр күні болғанын хабарлады. Оларға қоңырау сағат 07:40-та түсті.

«Өрт 33-ші шағын аудандағы жолда болды. 101 пультіне Daewoo Nexia өрті туралы ақпарат келіп түсті, машинада көлемі 50 литр газ баллоны орнатылған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 07:56-да толығымен жойылды», деді баспасөз қызметі.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар