Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық турына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық байқаудың негізгі мақсаттары – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, некенің маңыздылығын мойындау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын насихаттау.
Байқауға қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттар талап етіледі:
Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; Асырап алушы (қамқоршы) отбасылар үшін — кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы Жергілікті уәкілетті органның шешімінен үзінді көшірменің көшірмесі; Неке қию туралы куәліктің көшірмелері; Ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері; Балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екендігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; Заңды және (немесе) жеке тұлғалардан ұсыным хаттар (екіден кем емес); Отбасы мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері; Қоғамдық пайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік); Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру.Өтінімдер 15 маусымға дейін электрондық поштаға қабылданады: mereyli.otbasy2024@mail.ru (pdf форматында).