Екі аптадан кейін Қазақстанда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
2024-2025 жылдары еліміздегі жоғары оқу орындарына 78 219 грант бөлінді. Бөлінетін гранттар саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2021 жылы бакалавриатқа 56,5 мың грант, 2022 жылы – 61 мың грант, 2023 жылы – 73 мың грант бөлінді.
Гранттардың басым бөлігі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы техникалық білім беру бағдарламалары мен мамандықтарға берілді.
Осылайша, бүгінгі таңда ең көп гранттар келесі білім беру бағдарламаларына бөлінеді:
«Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы» – 19 344 грант; «Педагогика ғылымдары» – 13 735 грант; «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 10 903 грант; «Жаратылыстану, математика және статистика» – 8 288 грант.Басқа мамандықтарға келетін болсақ, оларға мемлекеттік гранттар келесідей бөлінді:
«Өнер және гуманитарлық ғылымдар» – 1525 грант; «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» – 1025 грант; «Бизнес, менеджмент және құқық» – 1145 грант; «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» – 2311 грант; Ветеринария – 974 грант; Түрлі қызметтер – 1989 грант; Денсаулық сақтау – 2335 грант; Heriot-Watt (Жұбанов атындағы АРУ) – 300 грант; «Восход» МАИ (Байқоңыр) – 45;Айта кетейік, бұған қоса республикада:
жаңадан құрылған және батыс өңірлердің жастарына жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған мақсатты білім гранттары – 5 мың грант; «Серпін» – 3,9 мың грант (еңбек ресурстары артық оңтүстік өңірлердің жастарын оқыту және оларды Қазақстанның шығысында, солтүстігінде және батысында жұмысқа орналастыру); колледж түлектеріне қысқартылған оқуға гранттар – 4,2 мың грант.Сондай-ақ 2024 жылы оқу ақысын ішінара төлейтін сараланған гранттар алғаш рет енгізілді. «Педагогика ғылымдары» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағдарламалары бойынша 150 сараланған грант бөлінді.
Тағы бір айта кетерлігі, биыл магистратураға түсуге 13 мыңға жуық, ал докторантураға 1900-ден астам грант бөлінді.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті