• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 07 Маусым, 2024

Біле жүріңіз... Сұлтанмахмұттың көзін емдеген

84 рет
көрсетілді

ХХ ғасырдың басында Алаш­тың сирек дәрі­­герлерінің бірі Әбу­бә­кір­­­ Алдиярұлының таңғалар­лық ісі көп.

1907 жылы Сұлтанмахмұт Торай­ғыр­ұлының көзіне инфекция түседі. Дер­ті­ меңдеп, үдей бастайды. Қайбір дәрігерге  3 ай бойы қаралып, ем қонбайды. Қал­та­сына да біршама ауырлық түседі. Күз­де Әбубәкір Алдиярұлына қаралады. 1908 жылы ақынның көзіне күрделі ота жасай­ды. 1913 жылы Сұлтанмахмұт «Қазақ» га­зе­­ті арқылы Әбубәкір дәрігерге алғыс айтады. Мұнда «Әбубәкір мыр­за­­ның «қазағым-қандасым» деп халім­ді бі­ліп, тегін қарап тұрғанына шын көңі­лім­­нен Тәңірі жарылқасын айтамын» делін­ген.

 

Құпиясы жоқ қабырға

«Сыбырлайды төңірек, сыбырлайды, Көңіл желі әр шиді бір ырғайды» деп жырлайды Жұмекен. Осы өлеңді оқығанда сыры көп сыбыр туралы бір қызық еске түсті.

Екі адам сыбырласып-күбірлесіп отыр­са, мәдениеттілік танытып естімеуге, есті­сек те естімегендей кейіп танытуға тыры­самыз. Бірақ әлемнің мына бір нүкте­сіне барсаңыз, 100 метр жердегі әлсіз сыбырдың өзі күн күркірегендей естіле­ді екен. Қай жерде екен деп қызығып отыр­ған шығарсыз. Ол – Аустралияның Аде­лаида қаласының Баросса суқоймасы.  XIX–XX ғасырларда салынған. Акус­ти­ка­лық қасиеттері үшін бөгет «Сы­быр­лайтын қабырға» деп атанып кеткен. Қа­быр­ғаның бір шетінде айтылып жатқан сөз  екінші жағында жаңғырып жатады.

 

Айдан түскен топырақ

Қытайдың «Чанъэ-6» ғарыш кемесі Ай­дың арғы бетінен сынамаға то­пы­рақ жинады. Бұл хабарды сол ел­дің ұлттық ғарыш басқармасы ха­бар­лады.

Кеме Айға мамыр айында аттанды. Ал 2 маусымда діттеген жеріне жетті. Қайтар уақыты – осы айдың 25-і.­  Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағына қо­нуға тиіс. Еске сала кетейік, Айдың ар­ғы жағы Жерге қарап тұрған жоқ, ойлы-қырлы. Ай бағдарламасы Жердің спут­нигінде өмір сүруге қолайлы база құру мақсатында ауқымды зерттеу үшін қажет. Айдан түскен топырақ Қытайға Жер серігінің пайда болуы туралы негізгі дерек­терді бермек.