Еуропалық одақтың жобасы отандық Педагогикалық шеберлік орталығына сеніп тапсырылды.
Душанбеде Педагогикалық шеберлік орталығының Тәжікстанның ұлттық білім беру жүйесін ілгерілету бойынша ауқымды жобасы аяқталды. Еуропалық одақ бұл маңызды жұмысты елімізге сеніп тапсырған еді. Тәжік педагогтері алғаш рет 2025 жылы елдік және жеке емтихан ретінде қабылдайтын PISA жаһандық зерттеуіне қатысуды жоспарлап отыр. Сол себепті де Тәжікстанда мектептерді түбегейлі өзгерту және педагогтерді кәсіби дамыту бойынша жүйелі жұмыс басталған-тұғын.
– Біз әлемдік білім беру кеңістігіне енуге дайынбыз әрі жаңа стандарттарға ұмтыламыз. PISA-ға қатысу туралы стратегиялық шешім барлық мұғалімге үлкен жаңалық әрі демеу болды, – деп құттықтады Тәжікстанның Білім және ғылым министрі Рахимджон Саидзода.
Бірінші болып оқуды республикалық, облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарының топ-менеджерлері бастады. Сонымен қатар әр өңірден өкілдер келіп, барлық аймақтағы мектеп қауымдастықтарына өз тәжірибелерімен бөлісті.
– Тәжікстан кәсібилікке Қазақстандағы әріптестерімен бірге қадам басты, табысты ынтымақтастық біздің мұғалімдердің кәсіби өсуінің жаңа кезеңін белгілейді, – деді білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтының директоры Навруз Мирзозода.
Сұранысқа ие бағдарламалар жаһандық педагогикалық трендтер контекстіндегі стратегиялық маңызы бар ең сәтті шешімдерді қамтыды. Оқытушылардың мета-пәндік құзыреттіліктерін кеңейту және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту сияқты өзекті тақырыптар ерекше қызығушылық тудырды. Раушан Әбішева мен Талғат Мукутов Душанбеге бірінші болып ұшып келіп, Еуропалық одақтың жаңа бағдарламасында алғаш жұмыс істей бастады. Елімізден барған мамандардың әрқайсысы білім беруді жаңа деңгейге көтерудің жауапкершілігін сезініп, ынта-шынтасымен кірісті. Тәжік білімінің топ-менеджерлеріне арналған арнайы сессияда Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова кез келген жобаның табысты болуы үшін міндетті – стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық стандарттар, команда құру, қолданбалы шешімдер және басқа да басымдықтарды талдады. Маусым жобасы Тәжікстанның Еуропалық одақтың білім беру бағдарламаларын кеңейтуге мүдделі екенін, ел ұлттық білім беру жүйесінде үлкен мақсатқа дайындалып жатқанын растады.
– Халықаралық сертификат алу жобаның әрбір қатысушысы үшін және республикамыздың барлық педагогтері үшін маңызды оқиға болды, жаңа оқу жылынан бастап біз барлық мектеп пен уәлаятта қазақстандық стандарттарды енгізуді бастаймыз. Орталықтың ACQUIN Еуропалық аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтының институционалды аккредитациясын, бірнеше бағдарламалық сертификатын алғанын мақтан тұтамыз, – деп лебізін білдірді елордалық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры Шавкат Каримзода.
Шілде-тамыз айларында Педагогикалық шеберлік орталығымен бірге 1200-ден астам душанбелік мұғалімдер оқыту бойынша жаңа жобаны бастайды. Астанадан функционалдық сауаттылықтың әртүрлі түрлерін – оқу, математикалық, жаратылыстану-ғылыми, қаржылық, сондай-ақ жаһандық құзыреттілік пен креативті ойлауды дамытуға маманданған үздік тренерлердің үлкен педагогикалық тобы бармақ.
Еске сала кетейік, Педагогикалық шеберлік орталығы еліміздің зияткерлік технологияларды әлемдік білімге жүйелі таратуды жалғастырып жатыр. Орталықта Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ханты-Мансы автономиялық округі, Армения мұғалімдері оқыды, сонымен қатар 2024 жылы Малавидегі «Nalikule College of Education» (Африка) педагогикалық колледжінің мұғалімдерін оқыту жүйесі бар.