• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 18 Маусым, 2024

Экология енжарлықты көтермейді

57 рет
көрсетілді

Астанада Климат және таза ауа коалициясы (CCAC) және БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен (UNEP) бірлесе отырып, алыс қашықтықтағы ауаның трансшекаралық лас­тануы туралы әуе Конвенциясы негізінде экожүйені жан-жақты қадағалау және ауа сапасын жақсартуға қатысты экологтердің семинары өтті.

Атмосферадағы пар­никті газ, яғни жер бетінен шығатын жылудың бір бөлігі ауа қабат­та­рында қалады. Бір сөзбен айт­қанда, ғаламдық жылынуға әсер ететін фактор. Сонымен бір­ге фабрика мен зауыттардан шы­ғатын зиянды қалдықтар озон қабатының жүйкесін жұқартатын көрінеді. Мұндай зиянды газдарға жер атмосферасындағы көміртек диоксиді, метан және су буы жатады. Ағылшын тілінде мұны «greenhouse gas» десе, орыс тілінде «парниковый газ» деп аталады. Біріншісі –тура мағынасында «жасыл үй», екіншісі – «жылыжай» деген мағына береді. Ал қазір қазақ тілінде мұның тұрақты атауын кездестіре қоймадық.

Аталған семинарда «Жасыл даму» АҚ басқарушы директоры Сәкен Қал­қаманов климаттың және ауаның өзгеруіне қатысты біраз жайт­тың бетін ашты. Мә­селен, ауаны ластаушы заттар мен пар­никті газ қалдықтарының кадастр­ларын әзірлеу және си­нер­ге­тикалық әсері туралы айтты. Сон­дай-ақ жиында эколог­тер метан қалдықтарын азайту­дың ең тиімді жолдарын анықтау және жаһандық метан міндеттемесінің (GMP) мақсаты талқылады. Са­рап­шылардың пікірінше, метан қалдықтарын азайту Париж келісімінің талаптарын орындауға байланысты.

Экология және табиғи ресурс­тар министрлігімен Халық­аралық қайта өңдеу және даму банкі арасындағы «Қалдықтарды саудалау және қайта өңдеу жөніндегі әріптестік» жобасын іске асыру келісі міне 2024 жылғы 23 сәуірде қол қойылған еді.

«Бұл жобаның негізгі мақсаты – 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу. Сонымен бірге қалдықтарды сату, қайта өңдеу жүйесінің тиімділігін арттыру және көміртегі қалдық­тарына төлемдерді көбейтуге ба­ғыт­талған», дейді жоба маман­дары.

Сөйтіп, адамзат өмірінің ең маңызды құралы саф ауаның сапасын артыруға арналған жиын­да ауаға тарайтын зиянды элементтерді мейлінше азайту, есе­сіне жасыл экономиканы дамыту мәселесі сарапталды.